KRAFT KF-HBM1043BGLR [31/44] Электр тогының соғу қаупі

KRAFT KF-HBM1043BGLR [31/44] Электр тогының соғу қаупі
31
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Блендер өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалануға
арналмаған. Өндіруші аспапты дұрыс пайдаланбау немесе сақтық пен
қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан туындаған зақым үшін
жауапкершілікті болмайды.
ЭЛЕКТР ТОГЫНЫҢ СОҒУ ҚАУПІ
Батырылатын блендер 220-240 В / 50 Гц электр желісіне жерге тұйықталған және
ток күші 10 А кем емес розетка арқылы қосылуы керек. Дұрыс орындалмаған жер-
ге тұйықтау немесе кернеу параметрлерінің 10%-дан артық ауытқуы аспаптың
тұрақсыз жұмысына немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Аспапты орнатқаннан кейін ғана қуат сымының ашасын розеткаға салыңыз.
Ашаға еркін қол жетімділік бар екеніне көз жеткізіңіз.
• Электрмен қоректендіру кабелінің ашасына дымқыл қолды тигізбеу керек. Ашаны
құрғатыңыз, шаңнан тазартып, розеткаға абайлап салыңыз. Шаң, су немесе әлсіз
байланыс өрттің немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Жылжыту, қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде блендер электр желісінен
ажыратылуы тиіс. Өшіру үшін ашаны ұстаңыз, электрмен қоректендеру бауын
тартпаңыз және жұлқымаңыз.
Зақымдалған қуат сымы немесе розеткасы бар аспапты пайдаланбаңыз. Қуат сы-
мын бұрауға, майыстыруға немесе ұзартуға болмайды. Оның үстіне ауыр заттарды
қоймаңыз. Баудың өткір жиектер мен қыздырылған беткі жақтарға тимейтініне
көз жеткізіңіз.
Блендерді сыртта, сондай-ақ ылғалдылығы жоғары бөлмелерде және қоршаған
орта температурасы 0°C-тан төмен жерлерде пайдаланбаңыз. Оны жаңбырға,
ылғалға, тікелей күн сәулелеріне және басқа атмосфералық құбылыстарға
ұшыратпаңыз. Аспапты дымқыл бетке, сондай-ақ түтіндеу және шаң басу орында-
рына орнатпаңыз.
Блендерді электр қозғалтқыш блогы мен қондырманың қосылған жеріндегі
деңгейден асып түсетін сұйықтыққа батырмаңыз. Электр қозғалтқыш блогын
қандай да бір сұйықтыққа батырмаңыз және оны ыдыс жуғышта жууға болмай-
ды. Ешбір жағдайда блендерге жұмыс істеп тұрған кезінде дымқыл қолыңызды
тигізбеңіз.
!
ӨРТ ҚАУІПТІЛІГІ
Блендерді қосу үшін бөлек розетканы пайдалану керек. Бірнеше аспап үшін бір ро-
зетканы пайдалану тұтанудың туындауына әкелуі мүмкін. Желіге артық жүктеме
түсірмес үшін сол тізбекте басқа жоғары қуатты құрылғыларды пайдаланбаңыз.
Электрмен қоректендіру бауының ашасы бүлінбегеніне және майыспағанына
көз жеткізіңіз. Жарамсыз аша қызып, өрттің пайда болуына себеп болуы
мүмкін. Аспапты қосу үшін адаптерлерді, ұзартқыштарды және “үштіктерді”
пайдаланбаңыз. Егер сіз сымның күйген иісін сезсеңіз, тарату қалқанындағы
электрмен қуаттандырғышты айырып, ашаны розеткадан суырыңыз және сервис
орталығына жүгініңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать