KRAFT KF-HBM1043BGLR [37/44] Ақауларды түзету

KRAFT KF-HBM1043BGLR [37/44] Ақауларды түзету
37
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ
Жұмыс процесі кезінде жылдам тазалауға рұқсат етіледі. Тостағанға немесе кез-
келген ыдысқа жартысына дейін су толтырыңыз. Блендер қондырмасын (табаны не-
месе араластырғышын) суға батырып, бірнеше секундқа қосыңыз.
Аспапты құрғақ, таза желдетілетін жерде жылыту аспаптарынан және тікелей
күн сәулесінен алыс жерде сақтаңыз. Тасымалдау және сақтау кезінде аспапты
зақымдауға және/немесе қаптаманың бүтіндігін бұзуға әкелетін механикалық
әсерлерге ұшыратпаңыз. Аспаптың қаптамасын су мен басқа сұйықтықтардан
сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз!
АҚАУЛАРДЫ ТҮЗЕТУ
Пайдалану процесінде тұтынушы өз бетімен жоя алмайтын ақаулықтарды
анықтаған жағдайда сервис орталығына жүгінуі қажет. Бірақ алдымен осы бөлімді
оқып шығыңыз. Бұл тізімге сапасыз құрастырудың немесе осы аспапта сапасыз
материалдарды пайдаланудың нәтижесі болып табылмайтын ең жиі кездесетін
жағдайлар кіргізілген.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ақаулықтарды түзету үшін алдымен аспапты
желіден ажырату керек. Осы нұсқаулықта көрсетілмеген ақаулықтарды
түзетуді білікті және құзыретті маман ғана жүзеге асыруы тиіс.

Содержание

Похожие устройства

Скачать