Coolfort CF-3400 [14/28] Шығатын будың темпе ратурасы өте жоғары ол үшін иықшаларды немесе киім ілгіштерді пайдаланыңыз

Coolfort CF-3400 [14/28] Шығатын будың темпе ратурасы өте жоғары ол үшін иықшаларды немесе киім ілгіштерді пайдаланыңыз
14
ҚАЗАҚША
ҚҰРҒАҚ ҮТІКТЕУ
Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
Желілік баусымның ашасын электрлік ашалыққа салыңыз.
Тұрақты бу беру реттегішін (3) (15) бу беру сөндірілген
күйіне белгілеңіз.
Реттегішті (11) бұрап қажетті үтіктеу температурасын
белгілеңіз: «», «••», «•••», «МАХ» (матаның түріне
байланысты), осы кезде көрсеткіш (7) жанады.
Үтік табанының (13) температурасы белгіленген
температураға дейін қызған кезде көрсеткіш (7) сөнеді,
үтіктеуге кірісуге болады.
Үтікті пайдаланып болғаннан кейін температура реттегішін
(11) «MIN» күйіне белгілеңіз.
Желілік баусымның ашасын электр ашалығынан
суырыңыз және оның толық салқындауын күтіңіз.
БУМЕН ҮТІКТЕУ
Бумен үтіктеген кезде үтіктеу температурасын «•••», «МАХ»
етіп белгілеу қажет.
Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
Тұрақты бу беру реттегішін (3) (15) бу беру сөндірілген
күйіне белгілеңіз.
Желілік баусым ашасын электрлік ашалыққа салыңыз.
Сауытта (10) су жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
Реттегішті (11) бұрап қажетті үтіктеу температурасын
белгілеңіз: «•••», «МАХ», осы кезде көрсеткіш (7)
жанады.
Үтік табанының (13) температурасы белгіленген
температураға дейін қызған кезде көрсеткіш (7) сөніп
қалады, осыдан кейін үтіктеуге кірісе беруге болады.
Тұрақты бу жіберу реттегішін (3) бу жіберу қосулы (16)
күйіне белгілеңіз, бу үтік табанының (13) саңылауларынан
шыға бастайды.
«Қосарлы бу» шығару үшін, реттегішті тірелгенге дейін
(17) оң жаққа ауыстырыңыз және ұстап тұрыңыз, бу үтік
табанының (13) тесіктерінен біршама қарқынды шыға
бастайды.
Үтікті пайдаланып болғаннан кейін температура реттегішін
(11) «MIN» күйіне, ал тұрақты бу беру реттегішін (3) (15) –
бу беру сөндірілген күйіне белгілеңіз.
Желілік баусымның ашасын электр ашалығынан
суырыңыз және оның толық салқындауын күтіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер жұмыс істеу уақытында тұрақты бу беру болмаса,
температура реттегішi (11) күйінің дұрыстығын және
сауытта (10) судың болуын тексеріңіз.
ҚОСЫМША БУ БЕРУ
Қосымша бу беру қызметі жиырылған жерлерді жазу кезінде
пайдалы және жоғары температуралы үтіктеу режимінде
ғана пайдаланыла алады (температуры реттегіші (11) «•••»,
«MAX» күйінде орналасады).
Қосымша бу беру түймесін (4) басқан кезде бу үтіктің
табанынан бу аса қарқынды шыға бастайды.
Ескертпе:
Судың бу саңылауларынан ағуына жол бермеу үшін
қосымша бу беру түймесін (4) 4-5 секунд аралығымен
басыңыз.
ТІГІНЕН БУЛАУ
Тігінен булау қызметі тек жоғары температуралы үтіктеу
тәртібінде ғана пайдаланыла алады (бұл жағдайда
температура реттегіші (11) «•••» немесе «MAX» күйінде
орналасуы керек). Үтікті киімнен 10-30 см қашықтықта
вертикаль ұстап тұрыңыз, қосымша бу беру түймесін (4)
4-5 секунд аралықпен басыңыз, бу үтіктің табанының (13)
саңылауларынан қарқынды шығатын болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: синтетикалық маталардың тігінен
булануын орындау ұсынылмайды.
Булау кезінде матаның еруін болдырмау үшін үтіктің
табанын оған тигізбеңіз.
Ешқашан адамға киюлі тұрған киімді була маңыз, себебі,
шығатын будың темпе ратурасы өте жоғары, ол үшін
иықшаларды немесе киім ілгіштерді пайдаланыңыз.
Үтіктеп болғаннан кейін, үтікті сөндіріңіз, оның
толық салқындауын күтіңіз, содан кейін су құятын
саңылаудың қақпағын (2) ашыңыз, үтікті төңкеріңіз
және су қалдықтарын төгіңіз.
БУ КАМЕРАСЫН ТАЗАРТУ
Үтіктің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін бу камерасын
тұрақты түрде тазалап отыру қажет.
Үнемі бу беру реттегішін (3) күйіне белгілеңіз (15).
Сауытты (10) «MAX» белігісіне дейін сумен
толтырыңыз.
Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
Желілік баусымның ашасын электрлік ашалыққа
салыңыз.
Реттегішті (11) бұрап, үтік табанының максималды
қызу температурасына «MAX» белгілеңіз, осы кезде
көрсеткіш (7) жанады.
Үтік табанының (13) температурасы белгіленген
температураға жеткенде, көрсеткіш (7) сөнеді, бу
камерасын тазалауды жүргізуге болады.
Температура реттегішін (11) «MIN» (СӨНДІРІЛГЕН)
күйіне белгілеп, үтікті сөндіріңіз. Желілік баусым
ашасын электр ашалығынан ажыратыңыз.
Үтікті раковинаның үстінен көлденең орналастырыңыз,
содан кейін (8) «өздігінен тазарту» батырмасын
басыңыз .
Қайнап жатқан су мен бу қақпен бірге үтік табанының
(13) саңылауларынан сыртқа атқылайды.
Сауыттағы (10) бүкіл су шығып болғанға дейін үтікті
алға-артқа сәл шайқаңыз.
Тұрақты бу беру реттегішін (3) жіберіңіз және оны (15)
күйіне ауыстырыңыз.
Үтікті негізіне қойыңыз (9) және оған толық салқындауға
уақыт беріңіз.
Үтіктің табаны (13) толық салқындап болғаннан кейін,
оны құрғақ матамен сүртіңіз.
Үтікті сақтауға қойғанға дейін, сауытта (10) су жоқ
екеніне, ал үтік табаны (13) құрғақ екенін тексеріңіз.
АВТОМАТТЫ СӨНУ ФУНКЦИЯСЫ
Егер үтік 30 секундқа таяу уақыт бойы көлденең
күйде немесе сегіз минутқа таяу тік күйінде қозғалмай
тұрса, ол автоматты сөнеді, бұл кезде дыбыстық
индикатор (7) жыпылықтайды. Үтікті іске қосу үшін
онымен үтіктеуді бастаңыз.
Ескерту: - үтікті іске қосқаннан кейін темпе ратура
реттегішінің күйіне байланысты, алдын-ала белгіленген
табан температурасы біршама уақыттан кейін
қалпына келеді.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Үтікті тазалағанға дейін оның желіден ажыра тылғанына
және салқындағанына көз жеткізіңіз.
Үтіктің корпусын сәл дымқыл матамен сүртіңіз, осыдан
кейін оны құрғатып сүртіңіз.
Үтікті, желілік бауды және желілік баудың айырын суға
немесе басқа сұйықтықтарға салуға тыйым салынады.
Үтіктің табанындағы қалдықтарды сірке суымен
араласқан су ерітіндісі бар матамен кетіруге болады.
Шөгінділерді кетіргеннен кейін табанның бетін құрғақ
матамен жалтыратып сүртіңіз.
Үтіктің табаны мен корпусын тазалау үшін қажайтын
тазартқыш заттарды пайдалан баңыз.
Үтіктің табанын өткір металл заттарға тигізбеңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать