Samsung NV75J5540RS/WT [214/308] Смарт пісіру

Samsung NV75J5540RS/WT [214/308] Смарт пісіру
58Қазақ
Смарт пісіру
Смарт пісіру
Жиі қолданылатын Автоматты пісіру рецептілерінің жинағы
Картоп гратині
Құраластар 800 г картоп, 100 мл сүт, 100 мл қаймақ, 50 г көпіршітілген бүтін жұмыртқа,
әрқайсысынан 1 ас қасық тұз, бұрыш, мускат жаңғағы, 150 г үккіштен
өткізілген ірімшік, сары май, тимьян
Нұсқаулар Картоптардың қабығын аршып 3 мм қалың етіп тураңыз. Сары майды гратин
ыдысына (22-24 см) түгел жағыңыз. Тілімдерді таза сүлгіге таратып салып,
оларды қалған құраластарды әзірлеу барысында сүлгімен жапқан қалпы
ұстаңыз.
Құраластардың үгілген ірімшіктен басқасын мұқият үлкен шараға салып
араластырыңыз. Картоптың тілімдерін ыдысқа сәл өзара қабаттастырып
салып, қоспаны картоптың үстіне құйыңыз. Үгілген ірімшікті үстіне сеуіп
пісіріңіз. Пісіріп болғаннан кейін бірнеше жас тимьян жапырақтарын салып
үстелге тартыңыз.
Көкөніс гратині
Құраластар 800 г көкөніс (кәді, қызанақ, пияз, сәбіз, бұрыш, алдын ала пісірілген
картоптар), 150 мл қаймақ, 50 г көпіршітілген бүтін жұмыртқа, әрқайсысынан
1 ас қасық тұз, шөп (бұрыш, балдыркөк немесе розмарин), 150 г үккіштен
өткізілген ірімшік, 3 ас қасық зәйтүн майы, шамалы тимьян жапырақтары
Нұсқаулар Көкөністерді жуып, қалыңдығы 3-5 мм етіп тураңыз. Гратин ыдысына (22-
24 см) тағамының қабаттарын салып, көкөністердің үстіне май құйыңыз.
Үгілген ірімшіктен басқа қоспалардың барлығын араластырып, көкөністердің
үстіне құйыңыз. Үгілген ірімшікті үстіне сеуіп пісіріңіз. Содан кейін бірнеше
жас тимьян жапырақтарын салып үстелге тартыңыз.
NV75J5540RS_WT_DG68-00616J-04_RU+UK+KK+UZ.indb 58 2018-07-26  12:13:20

Содержание

Похожие устройства

Скачать