Samsung NV68R5540CB/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [111/160] 804718

Samsung NV68R5540CB/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [111/160] 804718
Қазақ 31
Күтім көрсету
Есіктің шынысын алу
Пештің есігі бірінен кейін бірі орналасқан үш шыны панельден тұрады. Шыны панельдерді алып
тазалауға болады.
1. Есіктің сол жағы мен оң жағындағы түймешіктердің
екеуін де басыңыз.
01
01 1-ші шыны
2. Қақпағын алыңыз да, есіктен 1-ші және 2-ші
панельді алыңыз.
01
02
01 1-ші шыны
02 2-ші шыны
3. Есіктің шыныларын тазалағаннан кейін
орындарына салу үшін 1, 2-ші қадамдарды кері
ретпен орындаңыз. Жоғарыдағы суретке қарап 1-ші
және 2-ші шынылардың дұрыс орналасқанына көз
жеткізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ
Ішкі 1-ші шыны панельді орнатқанда, бедері бар жағын төмен қаратып салыңыз.
Бүйірлік бағыттағыштарды алу (үлгіге байланысты)
Пештің ішкі беттерін тазалау үшін пештің ішіндегі бүйірлік бағыттағыштарды алыңыз.
1. Бүйірлік бағыттағыштың үстіңгі жағының ортасын
басыңыз.
2. Бүйірлік бағыттағышты шамамен 45° градусқа
айналдырыңыз.
3. Бүйірлік бағыттағышты астыңғы екі тесіктен тартып
шығарыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Бүйірлік бағыттағыштарды бекіту үшін 1-3-қадамдарды
кері ретпен орындаңыз.
NV68R5540CB_WT_DG68-00995D-00_KK.indd 31 2019-11-29  10:43:40

Содержание

Похожие устройства

Скачать