Samsung NV68R5540CB/WT [85/160] Абайлаңыз пісіру үдерісін байқап отыру керек қысқа

Samsung NV68R5540CB/WT [85/160] Абайлаңыз пісіру үдерісін байқап отыру керек қысқа
Қазақ 5
Қауіпсіздік нұсқаулары
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау барысында пешке нұқсан келсе, оны желіге қоспаңыз.
Құрылғыны электр желісіне тек уәкілетті электр маманы ғана қосуға тиіс.
Құрылғыда ақау пайда болса немесе оған нұқсан келсе, іске қосуға әрекеттенбеңіз.
Жөндеу жұмыстарын тек уәкілетті техник ғана орындауға тиіс. Жөндеу жұмысы дұрыс орындалмаса,
өзіңізге немесе басқаларға қатерлі болуы мүмкін. Пешіңізді жөндеу қажет болса, SAMSUNG қызмет
көрсету орталығына немесе дилеріңізге хабарласыңыз.
Электр сымдары мен кабельдерін пешке тигізбеу керек.
Пешті электр желісіне қолдануға рұқсат етілген айырып-қосқыш немесе сақтандырғыш арқылы жалғау
керек. Бірнеше розеткаларға арналған адаптерлерді немесе ұзартқыш сымдарды пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жөндеу немесе тазалау қажет болса, міндетті түрді ток көзінен ажыратыңыз.
Пештің қасында орналасқан розеткаға электр құрылғыларын жалғаған кезде абай болыңыз.
Бұл құрылғының бумен пісіретін функциясы бар болса, сумен жабдықтайтын картриджге нұқсан келген
жағдайда құрылғыны іске пайдаланбаңыз. (Су буы немесе бу функциясы бар үлгіге ғана қатысты)
Су құятын картриджге сызат түссе не сынса, оны қолданбаңыз, жақын қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. (Су буы немесе бу функциясы бар үлгіге ғана қатысты)
Бұл пеш тек үйде тағам пісіруге ғана арналып жасалған.
Пеш іске қосылып тұрғанда, оның ішкі беті күйгізіп жіберерліктей ысып тұрады. Пештің қыздырғыш
элементтеріне немесе ішкі бетіне салқындағанша қол тигізуге болмайды.
Пештің ішіне ешқашан тұтанғыш зат салып сақтауға болмайды.
Құрылғы ұзақ уақыт жоғары температурада жұмыс істеген кезде, оның беті қызып тұрады.
Тағам пісіру барысында есікті абайлап ашыңыз, себебі ыстық ауа және бу кенет шығып кетуі мүмкін.
Құрамына алкоголь қосылған тағамды пісіргенде, алкоголь жоғары температурада буланып ұшып, пештің
ыстық бөлшегіне тисе өрт шығуы мүмкін.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін, жоғары қысымдағы су бүріккіш немесе бумен тазалайтын
құралдарды қолданбаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ: Пісіру үдерісін байқап отыру керек. Қысқа
мерзімді пісіру үдерісін үздіксіз байқап отыру керек.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігі немесе сыртқы беті ыстық
болуы мүмкін.
Құрылғының қол жететін беттерінің температурасы құрылғы
жұмыс істеп тұрған кезде жоғары болуы мүмкін. Пісіру беттері
пісіру барысында қызып кетуі мүмкін.
Тор сөреге үлкен зат салған кезде
орнықты болып тұруы үшін тор
сөренің алға қарай шығып тұрған
бөлігін (екі жағындағы тежегіш)
алдыңғы жаққа қаратып салыңыз.
NV68R5540CB_WT_DG68-00995D-00_KK.indd 5 2019-11-29  10:43:32

Содержание

Похожие устройства

Скачать