Samsung NV68R5540CB/WT [92/160] Іске пайдалану

Samsung NV68R5540CB/WT [92/160] Іске пайдалану
12 Қазақ
Іске пайдалану
Іске пайдалану
Басқару панелі
Алдыңғы панельді түрлі материалдардан жасауға және әр түрлі түспен бояуға болады. Сапаны жақсарту
үшін пештің сыртқы көрінісіне алдын ала ескертусіз өзгеріс енгізілуі мүмкін.
02 03 04 05 06 07 08 09 10 11
01
01 Дисплей Таңдалған режимдер немесе параметрлер үшін қажетті ақпаратты
көрсетеді.
02 Аумақты таңдау Бөлгіш құралды пайдаланып тағам пісіруге арналған қажетті
аумақты(тарды) таңдау кезінде басыңыз.
03 Автоматты пісіру 40 автоматты бағдарламадан пісіру режимін орнату үшін басыңыз.
04 Қолмен пісіру Пісіру режимін қолдан орнату үшін басыңыз.
05 Шам Шамды қосу немесе сөндіру үшін басыңыз.
Шамды қосқаннан кейін, ол белгілі бір уақыттан соң қуатты үнемдеу
үшін автоматты түрде сөнеді.
06 Пісіру уақыты Қолмен пісіруге арналған уақытты орнату үшін басыңыз.
Қос режим функциясын пайдалансаңыз, үстіңгі аумақ үшін бір
рет, астыңғы аумақ үшін екі рет басыңыз.
07 Таймер Таймерді орнату үшін басыңыз. Таймер тағам пісіру кезіндегі уақытты
немесе жұмыс істеу ұзақтығын тексеруге мүмкіндік береді.
08 Сағат Ағымдық уақытты орнату үшін басыңыз.
09 Температура Қолмен пісіруге арналған температураны орнату үшін басыңыз.
Қос режим функциясын пайдалансаңыз, үстіңгі аумақ үшін бір
рет, астыңғы аумақ үшін екі рет басыңыз.
10 Жоғары/Төмен Бұл түймелерді келесі жағдайлар үшін пайдаланыңыз:
Пісіру уақыты мен температурасын орнатыңыз.
Қолмен пісіру немесе автоматты пісіру режимін таңдаңыз.
Ағымдық уақытқа немесе таймерге арналған уақытты
орнатыңыз.
Автоматты пісіру бағдарламалары үшін мәзірдің көлемін
таңдаңыз.
11 Қуат Пешті қосу немесе сөндіру үшін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Резеңке немесе пеш қолғабын киіп тұрып дисплейді түрткен кезде пеш дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Есік ашылғанда немесе пеш жұмыс істей бастағанда пештің шамы автоматты түрде жанады.
NV68R5540CB_WT_DG68-00995D-00_KK.indd 12 2019-11-29  10:43:34

Содержание

Похожие устройства

Скачать