Samsung NV68R5540CB/WT [91/160] Қос режиммен пісіру

Samsung NV68R5540CB/WT [91/160] Қос режиммен пісіру
Қазақ 11
Істі бастау алдында
Әмбебап науа * Әмбебап науа (тереңдігі : 30 мм) пісіру және қуыру үшін қолданылады.
Тор сөренің төсемесін пештің табанына сұйық зат тамшыламау үшін
пайдаланыңыз.
Көлбеу жағын алдына қаратып қойыңыз.
Өте шұңғыл науа * Өте-шұңғыл науа (тереңдігі: 50 мм) тор сөренің төсемесін қолданып немесе
қолданбай қуыруға арналған. Көлбеу жағын алдына қаратып қойыңыз.
Rotisserie істігі * Rotisserie істігін тауықтан гриль жасау үшін қолдануға болады. 3-ші деңгейде
rotisserie істігін, істік адаптері бар Single mode (Бір режим) функциясын
пайдаланып ғана қолданыңыз. Гриль жасап тұрған кезде істіктің тұтқасын
бұрап алыңыз.
Rotisserie істігі және
кәуап істігі *
Тағам пісірген кезде тамшылаған сөлді жинау үшін науаны 1-деңгейге немесе
үлкен ет мәзірін пісірген кезде пештің табанына қойыңыз. Салмағы 1,5 кг-ға
жетпейтін ет пісірген кезде істіктің керек-жарақтарын пайдалануды ұсынамыз.
1. Етке істікті шаншыңыз. Істікті сұғу үшін істіктің ұстағышын доғал ұштыққа
бұрауға болады.
2. Буға пісірілген картоптар мен көкөністерді еттің айналасына қойыңыз.
3. Аспаны ортаңғы сөренің орнына қойыңыз да, “V” жағын алдына
қаратып қойыңыз. Істіктің сүйір ұшын арт жаққа қаратып аспаның үстіне
қойыңыз да, істіктің ұшы пештің арт жағында орналасқан айналдырғыш
механизмге кіргенше баппен итеріңіз. Істіктің доғал ұшы “V” пішімінің
үстіне қойылуы керек. (Істіктердің сонымен пештің есігіне жақын
орнатылатын, істік алға жылжып кетуге жол бермейтін екі тетігі бар, бұл
тетіктер сонымен қатар тұтқаның ұстағышы ретінде де қолданылады.)
4. Тағам пісірер алдында тұтқаны ағытыңыз.
5. Тағам пісіріп болғаннан кейін істікті аспадан ағыту үшін ұстағышты қайта
бұраңыз.
ЕСКЕРТУ
Rotisserie тұтқасының дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Rotisserie істігін пайдаланған кезде абай болыңыз. Шанышқылары мен
істіктері үшкір және өткір, сондықтан жарақат алуға себеп болуы мүмкін!
Күйіп қалуға жол бермеу үшін rotisserie істігін алған кезде қолғап киіңіз, себебі
ол өте ыстық.
Бөлгіш құрал * Бөлгіш құрал пешті екі аумаққа бөлуге арналған. Бөлгіш құралды Қос режим
көмегімен пісіру үшін пайдаланыңыз. Бұл бөлгішті сөре ретінде қолданбаңыз.
Cырғытпа жолдар * Телескопиялық бағыттағышты науаны төмендегідей орнату үшін
пайдаланыңыз.
1. Жолдың бағыттағышын пештен шығарып созыңыз.
2. Науаны жолдың бағыттағышына қойып, жолдың бағыттағышын пештің
ішіне қарай сырғытыңыз.
3. Пештің есігін жабыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Жұлдызшамен (*) белгіленген керек-жарақтардың қол жетімділігі үлгі түріне байланысты.
Қос режиммен пісіру
Екі түрлі мәзірді пісіру үшін үстіңгі және астыңғы бөліктерді пайдалануға немесе бір ғана бөлікті таңдап
пісіруге болады.
Тағам пісірілетін бөлікті екі аумаққа бөлу үшін бөлгіш
құралды 3-ші деңгейге қойыңыз. Пеш бөлгіш құралдың
орнатылғанын сезіп, әдетте үстіңгі бөлікті іске қосады.
ЕСКЕРТПЕ
Қос режим функциясының бар болуы-болмауы
рецептіге байланысты. Қосымша ақпаратты осы
нұсқаулықтың Смарт пісіру тарауынан қараңыз.
NV68R5540CB_WT_DG68-00995D-00_KK.indd 11 2019-11-29  10:43:34

Содержание

Похожие устройства

Скачать