Coolfort CF-3203 [20/44] Қазақша

Coolfort CF-3203 [20/44] Қазақша
20
ҚАЗАҚША
Ескертпе: Зарядтау станциясын үлкен шағылысу
қабілеті бар заттарға жақын орнатпаңыз, мысалы,
айналардың жанында, әйтпесе зарядтау станциясын
шаңсорғыштың іздеуіне қиын болады.
Сорғыш шүмекті (11) орнату
Шаңсорғышты төңкеріп, ролик қылшақтың қақпағын
және ролик қылшақты (9) шешіп алыңыз;
Сорғыш шүмекті орнатыңыз және оны бекіту үшін,
басыңыз (сур. 20).
Ролик қылшағының (9) орнатылуы
Сору шүмегінің түйінін (11) шығарып алыңыз, ролик
қылшақты (9) жақтаудың саңылауына салыңыз, ролик
қылшағының қақпағын орнатыңыз және сәтті бекіту үшін
оны басыңыз (сур. 20).
Шаңжинағышты (10) және суға арналған контейнерді
(27) шешіп алу-орнату
Бекіткішті (12) басып, контейнерді (10) өзіңізге қарай
тартыңыз (сур. 5).
Ылғалдап жинауды жүргізу үшін, суға арналған
контейнерді (27) шаңсорғыш корпусына орнатыңыз
(сур. 10).
Контейнерге (27) су құюдың 2 тәсілі бар екеніне назар
аударыңыз.
1ші тәсіл: Тығынды (29) ашыңыз және су құйыңыз (сур. 7).
2ші тәсіл: Контейнерді (27) шешіп алмай тұрып,
тығынды (29) ашыңыз және су құйыңыз.
Шаңжинағы (10) және сүзгілер.
Шешіп алу және орнату
Шаңжинағышты (10) жоғарыда сипатталғандай етіп
шешіп алыңыз. Жоғарғы қақпақты (24) ашыңыз.
Сүзгінің жоғарғы бөлігін (19) және сүзгілерді (21
және 22) абайлап шығарып алыңыз. Жинауды кері
реттілікпен жүргізіледі.
Шаңжинағышты (10) қайтадан шаңсорғыш корпусына
орнатыңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
•
Еденнен шаңсорғыштың қозғалуына кедергі келтіруі
мүмкін болатын қуаттандыру бауларын, желі
ұзартқыштарын және басқа да ұқсас заттарды алып
тастаңыз.
•
Шаңсорғыш тегіс еденде немесе төмен түкті кілем
жабынында (1,8 см-ден артық емес) жұмыс істеуге
арналған. Ұзын түкті кілем жабындарын тазалау үшін
шаңсорғышты пайдалануға тыйым салынады.
•
Шаңсорғыштың қозғалу жолында еденге дейін
салбыраған дастархандар, перделер неме-
се интерьердің басқа да заттары жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
•
Шаңсорғыштың еркін қозғалуы үшін жиһаз затта-
рын реттеп қойыңыз, еденнен бөгде заттарды алып
тастаңыз.
•
Жиһаздары тұрақсыз үй-жайларда шаңсорғышты
пайдаланбаңыз, әсіресе олардың үстінде интерьердің
сынғыш заттары немесе жанып тұрған майшамдар
орнатылған болса.
•
Шаңсорғыш корпусына бөгде заттарды қоймаңыз және
орналастырмаңыз, сондай-ақ шаңсорғыштың корпу-
сына үй жануарларының орналаспауын қадағалаңыз.
•
Шаңсорғышты пайдаланар алдында шаңсорғыштың
қозғалу жолында тар орындардың болмауына көз
жеткізіңіз.
•
Егер бөлмеде шашақтары бар кілем болса, онда олар-
ды кілем астына қайырып қою керек.
•
Кілемде шаңсорғыштың дымқыл тазалауы функция-
сын пайдалануға тыйым салынады.
•
Робот-шаңсорғыш баспалдақтан құлап кетпеуі үшін
оның құлап кетуіне жол бермеуге арналған қоршауды
қолданыңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Шаңсорғыштың аккумуляторлық батареясын
зарядтау
Док-станцияны (14) қабырғаға жақын еденнің тегіс
бетіне қойыңыз, док-станция негізі (14) еденге перпен-
дикуляр болуы керек. Док-станция (14) алдында кем
дегенде 2 метр және бүйірінен 1 метртен кем емес бос
кеңістік болуы керек (сур. 1 қараңыз).
Қуаттандыру блогының қосқыш бауы штекерін (16)
док-станциядағы ұяға (15) қосыңыз (сур. 2).
Шаңсорғышты док-станцияға (14) орнатыңыз,
шаңсорғыш байланыстары (16) док-станция бай-
ланыстарына сәйкес келуі тиіс. Дыбыстық белгі
естіледі, батырма индикаторы (1) қызыл / қызғылт /
көк түспен жанып тұрады. Индикатор сөнгенін күтіңіз,
бұл аккумулятордың зарядталуы аяқталғанын және
шаңсорғыш жұмысқа дайын екенін білдіреді.
Шаңсорғышты бірінші рет зарядтағанда, зарядтау
уақыты 12 сағаттан артық болуына көз жеткізіңіз.
Шаңсорғышты қосу/сөндіру
Шаңсорғышты қосу үшін батырманы (1) басыңыз (сур. 3).
Біраз уақыттан кейін дыбыстық белгі естіледі, және ба-
тырма (1) индикаторы көк түспен жанады. Шаңсорғыш
жұмысқа дайын.
Ескерту: - егер сіз шаңсорғышты қоссаңыз және
10 минут бойы ешқандай әрекет жасамасаңыз,
шаңсорғыш автоматты түрде өшеді.
Үй-жайды тазалау режимін таңдау
Қашықтан басқару пультымен үй-жайды тазалаудың
қажетті режимін таңдай аласыз.
Ескертпе: - шаңсорғышты өшіргеннен кейін,
қайтадан қосу кезінде ол жинауды автоматты режим-
де бастайды.
Үй-жайды автоматты жинау тәртібі
Үй-жайды автоматты жинау режимін қосу үшін
автоматты жинау батырмасын (32) және қашықтан
басқару пультіндегі (ҚБП) бастау/кідіріс батырмасын
(34) басыңыз немесе қосымшадағы «Авто» режимін
таңдаңыз, режимді таңдағаннан кейін тиісті дыбыстық
хабарлама естіледі.
Тазалау кезінде робот-шаңсорғыш қалған аумақты
бағалау немесе одан әрі маршрутты жоспарлау үшін
тоқтауы мүмкін.
Үзілістер саны мен уақыты тазалауға арналған кеңістік
күрделілігіне байланысты.
Тазалау аяқталғаннан кейін шаңсорғыш тоқтайды
және автоматты түрде зарядтау станциясына ора-
лады.
Ескертпе: егер сізге тек бір бөлмені жинау қажет
болса, есікті жабыңыз, сонда шаңсорғыш бөлмені
жинайды. Егер бөлмеде зарядтау станциясы болма-
са, тазалау аяқталғаннан кейін ол бастапқы нүктеге
оралады.
Тазалау кезінде шаңсорғыштың уақытша тоқтатуы
Егер шаңсорғыштың жұмысы кезінде үзіліс жасау
қажет болса, «бастау/кідіріс» батырмасын (34) бір рет
басыңыз.
Жинауды жалғастыру үшін ҚБП-дағы бастау/кідіріс
батырмасын (34) қайта басыңыз.

Содержание

Скачать