Beko B3WFR56H2W [40/68] Орнату

Beko B3WFR56H2W [40/68] Орнату
40 / KZ
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
3 Орнату
1. Қолмен аяқшалардағы контргайкаларды
босатыңыз.
2. Машина түзу және орнықты тұруы үшін
аяқшалар биіктігін реттеңіз.
3. Содан кейін қолмен барлық контргайкаларды
тартыңыз.
A
ЕСКЕРТУ:
Контргайкаларды босатқанда
оларды зақымдамау үшін, қандай да
бір саймандарды қолданбаңыз.
5-ҚАДАМ. Суқұбырына қосу
C
Машинаның қалыпты жұмыс істеуі
үшін су беру жүйесіндегі қысым 1-
ден 10 бар (0,1-1 МПа) шегінде болуы
тиіс. Бұл ретте толық ашық кран
жағдайында су шығыны минутына
10-80 литр суды құрайды. Егер су
құбырында қысым біршама жоғары
болса, редукциялық клапан орнату
қажет.
Егер екі су қабылдағыш келтеқұбыры
бар бұйымды бір су (суық) келтірімі
бар бұйым ретінде пайдалану
ұйғарылса, ыстық су қабылдағыш
клапанына тығын орнату керек
(бұл тығын жинақталымына кіретін
бұйымдарға қатысты).
A
ЕСКЕРТУ: Бір су беру келтеқұбыры бар
модельдерді ыстық су кранына қосуға
болмайды. Бұл жағдайда киім-кешек
бұзылады, немесе қорғаныс жүйесі
іске қосылады және машина жұмысын
тоқтатады.
ЕСКЕРТУ: Жаңа кір жуғыш машина
үшін бұрын пайдаланылған құю
шлангілерін пайдаланбаңыз. Бұл киім-
кешекте дақтардың пайда болуына
себеп болуы мүмкін.
1. Барлық гайкаларды қолмен тартыңыз.
Гайкаларды тарту үшін гайка кілтін
пайдаланбаңыз.
2. Шлангыларды қосқаннан кейін ағатын
жерлерді тексеру үшін крандарды толығымен
ашыңыз. Ағып кету жағдайында кранды
жабыңыз және гайканы бұрап шешіп алыңыз.
Төсемді тексеріңіз және гайканы тағы бір
рет мұқият тартыңыз. Мүмкін болатын
ағып кетулерді және осыған байланысты
залалдарды болдырмау үшін, машина
пайдаланылмаған кезде, крандарды жабыңыз.
6-ҚАДАМ. Суды ағызу
Ағызу шлангысының ұшын тікелей кәрізге
қосу керек немесе раковинаға шығару керек.
A
ЕСКЕРТУ: Егер ағызу кезінде шланг
қосылған жерден жұлынып қалса,
су бүкіл үйге ағып кетуі мүмкін.
Сонымен қатар, күйік қаупі бар,
себебі су температурасы өте жоғары
болуы мүмкін! Мұндай жағдайларды
болдырмау үшін, сондай-ақ суды
беру және ағызу жүйелерінің
қалыпты жұмысын қамтамасыз
ету үшін ағызу шлангының ұшын
сенімді бекітіңіз.
Шлангіні 40 см-ден 100 см-ге дейінгі биіктікке
бекіту қажет.
Егер шлангыны еден деңгейінен 40 см-ден
кем биіктікте салып, кейіннен көтеру керек
болса, суды ағызу қиын болады, және киім-
кешек дымқыл болып қалады. Сондықтан
суретте көрсетілген биіктіктің параметрлерін
сақтау керек.
Кір жуғыш машинаға кір судың түсуін
болдырмау үшін және шлангының ұшын
кедергісіз ағызуды қамтамасыз ету
үшін ағызу тесігіне 15 см-ден тереңірек
батырылмаған жөн. Егер шлангы тым ұзын
болса, оны кесіп тастау керек.
Ағызу шлангысының майысусыз салынуын
және ештеңемен қысылмауын, ал
ағызу шлангысының соңы бұралмауын
қадағалаңыз.
Егер шлангы тым қысқа болса, оны
фирмалық ұзартқыш шлангымен

Содержание