Beko B3WFR56H2W [60/68] Қызмет көрсету және тазалау

Beko B3WFR56H2W [60/68] Қызмет көрсету және тазалау
60 / KZ
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
6 Қызмет көрсету және тазалау
6.5. Қалдық суды ағызу және
сорғы сүзгісін тазарту
Кір жуу машинасы су ағызу кезінде қатты
заттардың (түймелер, монеталар, мата
талшықтары және т.б.) сорғының қанатшасына
түсуін болдырмайтын сүзгілер жүйесімен
жабдықталған. Бұл суды кедергісіз ағызуды
қамтамасыз етеді және сорғының қызмет ету
мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
Егер ағызу қалыпты орындалмаса, сорғы
сүзгісі бітелген. Сүзгіні ластануына қарай,
бірақ кемінде 3 айда бір рет тазалап отыру
керек. Сорғы сүзгісін тазартар алдында суды
ағызып тастау қажет.
Бұдан басқа, тасымалдау алдында (мысалы,
басқа пәтерге көшкен кезде) немесе су қату
қаупі бар жағдайда машинадан суды.
A
ЕСКЕРТУ: Егер бұйым ұзақ уақыт
бойы пайдаланылмаса, кранды
жабыңыз, беру шлангысын
ажыратып, қатып қалуды
болдырмау үшін машинадан суды
ағызыңыз.
ЕСКЕРТУ: Әрбір қолданғаннан кейін
бұйымға су беру шлангысының
кранын жабу керек.
Суды ағызу және лас сүзгіні тазалау үшін келесі
әрекеттерді орындаңыз:
1.Машинаны электр желісінен ажыратыңыз
(ашаны розеткадан суырыңыз).
A
ЕСКЕРТУ:
Машинадағы су температурасы
90°С-ге дейін жетуі мүмкін. Күйікті
болдырмау үшін сүзгіні тазалауды
тек машинадағы су суығаннан кейін
ғана жүргізу керек.
2.Сүзгінің қақпағын ашыңыз.
3.Кейбір модельдер апаттық су ағызу
шлангысымен жабдықталған. Машинадағы
суды ағызу үшін, төменде сипатталған
әрекеттерді орындаңыз.
Апаттық ағызу шлангысымен жабдықталған
модельдердегі суды ағызу:
а. Апаттық ағызу шлангысын бөліктен
шығарыңыз.
b. Шлангының соңына сыйымды сыйымдылық
қойыңыз. Шлангының соңындағы тығынды
алып тастаңыз және суды ағызыңыз. Ыдыс
толған кезде шлангыны тығынымен жабыңыз.
Ыдыстан суды төгіңіз және су толығымен
машинадан ағызылып біткенше, жоғарыда
сипатталған процедураны қайталаңыз.
с. Ағызу аяқталғаннан кейін шлангыны
тығынмен жабыңыз және оны орнына
салыңыз.
d. Сорғының сүзгісін бұрыңыз және оны
шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ. Бөгде заттардың сорғы
сүзгісінде болуы машинаның
зақымдануына немесе жұмыс істеуі
кезінде қатты шуылдың шығуына
әкелуі мүмкін.
Сорғы сүзгісін тексеруіңізді және
тазалауыңызды өтінеміз!

Содержание