Beko B3WFR56H2W [41/68] Орнату

Beko B3WFR56H2W [41/68] Орнату
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
41 / KZ
3 Орнату
ұзартыңыз. Шлангының жалпы ұзындығы
3,2 м-ден аспауы тиіс. Судың ағып кетуін
болдырмау үшін ағызу шлангысы мен
ұзартқыш шлангыны жалғау үшін тиісті
қамытты қолдану қажет.
7-ҚАДАМ Электр желісіне қосу
Бұл құрылғыны 16 А сақтандырғышпен
қорғалған, жерге қосылған розеткаға
қосу керек. Жергілікті ережелерге сәйкес
орындалған жерге қосуы болмаған жағдайда,
дайындаушы-компания залалды өтеу бойынша
кез келген жауапкершіліктен бас тартады.
Қосу жергілікті нормалар мен ережелерге
сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Аспапты қуаттандыру бауын электр желісіне
қосу орны оңай қолжетімді болғанай етіп
орнату қажет.
Егер сіздің үйіңізде 16 А-ден аз токқа
есептелген сақтандырғыш немесе
автоматты ажыратқыш орнатылған болса,
16 А сақтандырғышты орнату үшін білікті
электрикке жүгініңіз.
Желідегі кернеу «Техникалық сипаттамалар»
бөлімінде көрсетілген кернеуге сәйкес болуы
тиіс.
Өнімді ұзартқыштар немесе бірнеше ұяшығы
бар розеткалар арқылы электр қуаттандыру
желісіне қосуға тыйым салынады.
A
ЕСКЕРТУ: Бүлінген қуаттандыру бауын
тек фирмалық сервис орталығының
маманы ғана ауыстыруы керек.
Бұйымды тасымалдау
1. Тасымалдау алдында бұйымды электр
желісінен ажыратыңыз.
2. Құю және ағызу шлангыларын ажыратыңыз.
3. Құрылғыда қалған суды төгіңіз. 6.5. қараңыз
4. Тасымалдау бұрандаларын оларды шешіп
алуына кері ретпен орнатыңыз 3 қар.
(3-қадам).
C
Егер сақтандырғыш тасымалдау
бұрандалары орнатылмаса, бұйымды
тасымалдауға тыйым салынады.

Содержание