Beko B3WFR56H2W [63/68] Ақаулықтарды жою

Beko B3WFR56H2W [63/68] Ақаулықтарды жою
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
63 / KZ
7 Ақаулықтарды жою
Кір жуу сапасы төмен: киім-кешектің кірі ашылмайды, және онда дақтар қалады. (**)
Жуу құралының мөлшері жеткіліксіз. >>> Киім-кешектің түріне сәйкес ұсынылған мөлшерде жуу
құралын пайдаланыңыз.
Тым көп киім-кешек жүктелген. >>> Машинаны шамадан тыс жүктемеңіз. «Бағдарламаларды
сипаттау» кестесіндегі ұсыныстарға сәйкес киім-кешек санын жүктеңіз.
Бағдарлама мен температура дұрыс таңдалмаған. >>> Киім-кешектің түріне сәйкес жуу
бағдарламасы мен температурасын таңдаңыз.
Жарамайтын жуу құралы. >>> Кір жуғыш машиналарға арналған жоғары сапалы жуу құралдарын
пайдаланыңыз.
Жуу құралы таратқыштың тиісті бөлімшесіне жүктелмеген. >>> Жуу құралын таратқыштың
тиісті бөлімшесіне салыңыз. Кір жуу ұнтағы мен ағартқышты араластырмаңыз.
Кір жуу сапасы төмен: Киім-кешекте майлы дақтар қалады. (**)
Барабан ұзақ уақыт тазартылмаған. >>> Барабанды мезгілімен тазартып отырыңыз. Тазарту
бойынша нұсқаулықты 6.2. қараңыз.
Кір жуу сапасы төмен: киім-кешектің жағымсыз иісі бар. (**)
Үнемі төмен температурада жуу нәтижесінде және/немесе қысқа бағдарламаларды
қолданғанда барабанда жағымсыз иіс шығаратын бактериялар қабаты жиналады. >>>
Кір жуып болғаннан кейін жуу құралдары таратқышын және жүктеу люгінің есігін ашық
қалдырыңыз. Осылайша, машина ішінде бактериялардың өсуі үшін қолайлы ылғалды орта
пайда бола алмайды.
Түрлі-түсті киім-кешек өңіп кетеді. (**)
Тым көп киім-кешек жүктелген. >>> Машинаны шамадан тыс жүктемеңіз.
Жуу құралы дымқылданған. >>> Жуу құралдарын жабық тарада құрғақ салқын жерде сақтаңыз.
Жуу температурасы тым жоғары. >>> Кір жуу бағдарламасын және температурасын киімнің түрі
мен ластану деңгейіне сәйкес таңдаңыз.
Машина киім-кешекті нашар шаяды.
Шаю сапасы қолданылған ұнтақтың мөлшеріне, маркасына және сақталу жағдайына
байланысты. >>> Осы киім-кешек түріне арналған кір жуғыш машиналардың жуу құралдарын
пайдаланыңыз. Жуу құралдарын жабық тарада құрғақ салқын жерде сақтаңыз.
Жуу құралы таратқыштың тиісті бөлімшесіне жүктелмеген. >>> Егер жібіту пайдаланылмаса да,
жуу құралын жібіту бөліміне жүктесе, машина бұл құралды шаю немесе кондиционерді қолдану
кезінде алып кетуі мүмкін. Жуу құралын тиісті таратқыш бөлімшесіне салыңыз.
Сорғының сүзгісі қоқыстанған. >>> Сүзгіні тексеріңіз.
Су ағызу шлангасы қысылып қалған. >>> Ағызу шлангысын тексеріңіз.
Жуғаннан кейін киім-кешек қатты болып қалды. (**)
Жуу құралының мөлшері жеткіліксіз. >>> Кермек суда кір жуғанда жуу құралының мөлшері
жеткіліксіз болғанда, киім-кешек уақыт өте келе қатты бола бастайды. Судың кермектілігі
деңгейіне сәйкес жуу құралының қажетті мөлшерін пайдаланыңыз.
Жуу құралы таратқыштың тиісті бөлімшесіне жүктелмеген. >>> Егер жібіту пайдаланылмаса да,
жуу құралын жібіту бөліміне жүктесе, машина бұл құралды шаю немесе кондиционерді қолдану
кезінде алып кетуі мүмкін. Жуу құралын тиісті таратқыш бөлімшесіне салыңыз.
Жуу құралы кондиционермен араласуы мүмкін. >>> Кондиционерді жуу құралымен
араластырмаңыз. Таратқышты ыстық сумен жуып, тазалаңыз.
Киім-кешекте кондиционердің иісі жоқ. (**)
Жуу құралы таратқыштың тиісті бөлімшесіне жүктелмеген. >>> Егер жібіту пайдаланылмаса да,
жуу құралын жібіту бөліміне жүктесе, машина бұл құралды шаю немесе кондиционерді қолдану
кезінде алып кетуі мүмкін. Таратқышты ыстық сумен жуып, тазалаңыз. Жуу құралын тиісті
таратқыш бөлімшесіне салыңыз.
Жуу құралы кондиционермен араласуы мүмкін. >>> Кондиционерді жуу құралымен
араластырмаңыз. Таратқышты ыстық сумен жуып, тазалаңыз.

Содержание