Beko B3WFR56H2W [42/68] Кір жууға дайындау

Beko B3WFR56H2W [42/68] Кір жууға дайындау
42 / KZ
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
4 Кір жууға дайындау
4.1. Киім-кешекті сұрыптау
Киім-кешекті матаның түрі, түсі, ластану дәрежесі және жуудың рұқсат етілген температурасы
бойынша сұрыптаңыз.
Киім мен киім-кешектің жапсырмаларындағы нұсқауларды орындаңыз.
4.2. Киім-кешекті жууға дайындау
Металл элементтері бар киім-кешекті
(мысалы, сүйектері бар бюстгальтерлер,
қапсырмалы белдіктер мен металл
түймелер) машинаны зақымдауы мүмкін.
Жуар алдында металл бөлшектерді шешіп
алыңыз немесе киім-кешекті торлы
қапшыққа немесе жастықтың тысына
салыңыз.
Қалталардан барлық заттарды (монеталар,
қаламдар, қыстырғыштар және т.б.)
алып, оларды тексеріп, тазалаңыз.
Бөгде заттардың болуы машинаның
зақымдануына әкелуі немесе жұмыс кезінде
қатты шу тудыруы мүмкін.
Ұсақ заттарды (балалар шұлықтарды,
нейлон шұлықтарды және т.б.) торлы
қапшыққа немесе жастықтың тысына
салыңыз.
Гардиндерді барабанға жазылған күйінде
салу керек. Жуар алдында олардан
бекітпелерді алып тастаңыз.
Жүгіртпесін жауп қойыңыз, босап қалған
түймелерді тігіп қойыңыз, жыртықтарды
жамаңыз және сөгілгендерді тігіп қойыңыз.
«Машинамен кір жуу» немесе «қолмен кір
жуу» заттаңбасы бар бұйымдарды жуу үшін
тек тиісті бағдарламаларды пайдаланыңыз.
Түрлі-түсті және ақ киім-кешектерді бірге
жумаңыз. Жаңа түрлі-түсті киім-кешек қатты
өңуі мүмкін. Оны бөлек жуыңыз.
Жуу алдында қатты ластанған жерлер
мен дақтарды тиісті түрде өңдеу қажет.
Күмәнданған жағдайда химиялық тазартуға
жүгініңіз.
Бояуға немесе түстерді қалпына келтіруге
арналған құралдарды және машинамен
95
0
C70
0
C60
0
C50
0
C40
0
C30
0
C
200
0
C150
0
C110
0
C

Содержание