Beko B3WFR56H2W [55/68] Машинаны пайдалану

Beko B3WFR56H2W [55/68] Машинаны пайдалану
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
55 / KZ
5 Машинаны пайдалану
4.Бағдарламаның басталғанын көрсететін
орындалу көрсеткіші қосылады.
5.12. Бағдарламаның орындалу
барысы
Бағдарламаның орындалу барысын
бағдарламаның орындалу индикаторының
көмегімен бақылауға болады. Бағдарламаның
әрбір циклінің басында тиісті индикатор
қосылады.
Бағдарламаны орындау барысында сіз
қосымша функцияларды таңдауды, сығу
жылдамдығын және температураны
орындалып жатқан бағдарламаны тоқтатпай
өзгерте аласыз. Барлық өзгерістерді осы
өзгерістер енгізілген кезең басталғанға
дейін ғана жасауға болады. Егер өзгерістер
орындалатын бағдарламаға сәйкес келмесе,
тиісті индикатор үш рет жыпылықтайды.
C
Егер машина сығу сатысына өтпесе,
онда сумен тоқтау функциясы қосулы
немесе барабанның ішіндегі кірдің
біркелкі бөлінбеуіне байланысты
автоматты теңдестіру жүйесі іске
қосылды.
5.13. Жүктеу люгінің есігін
бұғаттау
Кір жуғыш машинаның жүктеу люгінің
есігі судың жоғары деңгейінде есікті ашу
мүмкіндігін болдырмайтын бұғаттау жүйесімен
жабдықталған.
Машинаны тоқтату режиміне ауыстырған
кезде, жүктеу люгі есігінің индикаторы
жыпылықтай бастайды және машина
барабандағы су деңгейін анықтайды. Егер су
деңгейі рұқсат етілген болса, онда жүктеу люгі
есігінің индикаторы біркелкі жарықпен жана
бастайды және 1-2 минуттан кейін есікті ашуға
болады.
Егер су деңгейі қолдануға жарамсыз болса,
жүктеу люгі есігінің индикаторы сөніп, есікті
ашу мүмкін болмайды. Егер есіктің индикаторы
жанбаған кезде жүктеу люгінің есігін ашу
қажет болса, орындалатын бағдарламаны
болдырмау керек. «Бағдарламаны болдырмау»
қараңыз.
Қоректендіруді ажырату кезінде тиеу
люгінің есігін ашу
C
Электр қуаты ажыратылған
жағдайда, сорғы сүзгісінің
қақпағының астында орналасқан
апаттық тұтқа көмегімен тиеу люгінің
есігін қолмен ашуға болады.
A
ЕСКЕРТУ: Тиеу люгінің есігін
ашпас бұрын судың толып кетуін
болдырмау үшін машинаның ішінде
судың жоқтығына көз жеткізіңіз.
Құралдың көмегімен жүктеу люгі есігінің
апаттық ашылу арқанын төмен қарай
тартыңыз және босатыңыз.
Жүктеу люгінің есігін ашып, арқанды орнына
қайтарыңыз.
Егер жүктеу люгінің есігі ашылмаса, арқанды
тартып, тағы бір рет көріңіз.
5.14. Бағдарламаны іске
қосқаннан кейін теңшеулерді
өзгерту
Машинаны тоқтату режиміне ауыстыру
Бағдарламаны орындау кезінде кір жуғыш
машинаны тоқтату режиміне ауыстыру
үшін «Старт/Үзіліс» батырмасын басыңыз.
Дисплейде кідіріс индикаторы жыпылықтайды.
Қосымша атқарымдар, сығу жылдамдығын
және температураны таңдауды өзгерту
Бағдарламаны орындау сатысына қарай
функцияларды таңдауға немесе болдырмауға
болады. «Қосымша функцияларды таңдау»
бөлімін қараңыз.
Сондай-ақ, сығу жылдамдығы мен жуу
температурасының теңшелімдерін өзгертуге
болады. «Сығу жылдамдығын таңдау» және
«Температураны таңдау» бөлімдерін қараңыз.
C
Егер теңшелімдерді өзгертуге тыйым
салынса, сәйкес индикатор үш рет
жыпылықтайды.
Кірді қосу немесе шығару
Егер машинадағы су деңгейі ұйғарынды
болса, «Бастау/Үзіліс» батырмасын басқан
кезде, жүктеу есігінің бұғаттау белгісі сөніп,
бұғаттау өшіріледі, бұл кірді қосуға/шығаруға
мүмкіндік береді. Содан кейін есікті жауып, кір
жуу циклын жалғастыру үшін «Бастау/Үзіліс»
батырмасын басыңыз.
Егер «Бастау/Үзіліс» батырмасын басқан
кезде су деңгейі қолайсыз болса, онда есікті
бұғаттау өшірілмейді және жүктеу есігінің
бұғаттау таңбасы дисплейде жарқырай береді.
Бұл жағдайда кірді қосу немесе алып шығару
мүмкін емес.
Сорғы сүзгісінің
қақпағын ашыңыз.

Содержание