Beko B3WFR56H2W [51/68] Машинаны пайдалану

Beko B3WFR56H2W [51/68] Машинаны пайдалану
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
51 / KZ
5 Машинаны пайдалану
арқасында киімді жұмсақ жууға мүмкіндік
береді.
•Дақтарды кетіру
Бұл кір жуғыш машинада әр түрлі дақтарды
тиімді кетіруге мүмкіндік беретін дақтарды
өңдеудің арнайы бағдарламасы бар. Бұл
бағдарламаны тек қатты түсті тозуға төзімді
мақта маталары үшін қолданыңыз. Бұл
бағдарламаны жұмсақ және бояғыш заттарды
жуу үшін пайдаланбаңыз. Жуу алдында өнімнің
заттаңбалары туралы ақпаратпен танысыңыз
(мақта жейделер, шалбар, шолақ шалбар,
жеңіл жейделер, балалар киімі, пижамалар,
алжапқыштар, дастархандар, төсек-
орын, көрпе жамылғылары, ақжаймалар,
жастыққаптар, монша және жағажай сүлгілері,
майлықтар, шұлықтар, жоғары температурада
ұзақ уақыт жууға болатын мақта іш киімдері
үшін ұсынылады). Дақтарды кетірудің
автоматты бағдарламасы 24 түрлі дақтарды
кетіруі мүмкін. Жылдам жуу функциясын таңдау
бойынша олар үш топқа бөлінеді. Жылдам жуу
функциясын таңдауға байланысты дақтар
топтары көрсетіледі.
Жылдам жуу функциясына байланысты дақтар
топтары төменде көрсетілген:
Егер жылдам
кір жуу
функциясы
таңдалмаса:
Егер жылдам
жуу функциясы
батырмасы
1 (бір) рет
басылса:
Егер жылдам
жуу функциясы
батырмасы
2 (екі) рет
басылса:
Тер
Қан Чай
Жағадағы кір Шоколад Кофе
Тағам Пудинг Жеміс шырыны
Майонез Шөп Кетчуп
Салат тұздығы Батпақ Қызыл шарап
Макияж Жұмыртқа
Крахмал
Машина майы Сары май Джем
Балалар тағамы Карри Көмір
- Дақтарды өңдеу бағдарламасын таңдаңыз.
-Жоғарыдағы топтарда тазартылатын дақты
таңдап, жылдам жуу батырмасын және
қосымша функция батырмасын пайдаланып,
тиісті топты таңдаңыз.
-Өнімнің затбелгісіндегі ақпаратты
мұқият оқып шығыңыз және барабанның
температурасы мен айналу жылдамдығының
дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
•Мамық
Бұл бағдарламаның көмегімен сіз
қауырсындары бар және «машинамен жууға
арналған» жапсырмасы бар күрткелерді,
кеудешелерді, пенжектерді және т.б. жууға
болады.
•Iш киiм
Тек қолмен жууға болатын ұқыпты жууды
талап ететін кімдерді, сондай-ақ нәзік іш
кімдерді жууға арналған. Бұйымдардың
аздаған мөлшерін кір жууға арналған торлы
қапшықта жуған жөн. Ілгектер, т үймелер,
сыдырмалар және т.б. бекітілуі тиіс.
•Жұмсақ ойыншықтар
Жұмсақ ойыншықтар нәзік маталардан
жасалғандықтан және керек-жарақтарды
қамтығандықтан, оларды жұмсақ жуумен жуу
керек. Бағдарлама «Жұмсақ ойыншықтар»
оларды жуу кезінде жұмсақ қозғалыстар мен
барабанның арнайы айналу режимдерінің
арқасында қорғайды. Сұйық жуғыш заттарды
қолдану ұсынылады.
C
Қатты беті бар жұмсақ
ойыншықтарды жууға қатаң тыйым
салынады.
Ойыншықтарды киіммен
бірге жууға болмайды, өйткені
ойыншықтар кірді зақымдауы
мүмкін.
•Орамалдар
Бұл бағдарлама тозуға төзімді мақта
маталарын (сүлгілер сияқты) жуу үшін
қолданылады. Сүлгілерді жүктеудің алдында,
олар жүктеу есігінің қалпақшасына немесе
есіктің әйнегіне қысылмағанын бақылаңыз.
•Перделер
Бұл бағдарлама перделер мен тюль
гардиналарын жууға арналған. Тор
құрылымына байланысты көп мөлшерде көбік
пайда болғандықтан, негізгі жууға арналған
бөлімге әдеттегіден аз жуғыш зат қосылуы
керек. Бұл бағдарлама арнайы айналдыру
режимін қолданады, соның арқасында
перделер мен гардиналар кішірейеді.
Перделерді зақымдамау үшін оларға рұқсат
етілген нормадан артық салмақ түсірмеңіз.
C
Бұл бағдарламаны пайдалану
кезінде перделерді жууға арналған
жуғыш заттарды қолдану
ұсынылады.
•Жүктелген бағдарлама
Бұл қажет болған жағдайда әртүрлі
бағдарламаларды жүктеуге болатын
арнайы бағдарлама. Алдымен HomeWhiz
қолданбасында әдепкі бағдарламаны көресіз.
HomeWhizz қолданбасының көмегімен
берілген тізімнен бағдарламаны таңдап,
қолданар алдында оған өзгерістер енгізе
аласыз.
C
Егер HomeWhiz және қашықтан
басқару мүмкіндіктерін
пайдаланғыңыз келсе, «Жүктелген
бағдарламаны» таңдаңыз.
Толығырақ ақпаратты 5.18-бөлімнен
қараңыз.
5.7. Арнайы бағдарламалар
Кір жуғыш машинада жуудың ерекше
функцияларына арналған келесі
бағдарламалар қарастырылған:
•Шайқау
Бөлекше шайқау циклы, оны кірді шаюға
немесе крахмалдау үшін қолдануға болады.

Содержание