Beko B3WFR56H2W [56/68] Машинаны пайдалану

Beko B3WFR56H2W [56/68] Машинаны пайдалану
56 / KZ
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
5 Машинаны пайдалану
C
Егер машинадағы судың
температурасы 50°-тан жоғары болса,
су деңгейі рұқсат етілген болса да,
қауіпсіздік мақсатында жүктеу есігін
бұғаттауды өшіру мүмкін емес.
5.15. Бағдарламаны болдырмау
Бағдарламаны болдырмау үшін бағдарламаны
таңдау тұтқасын басқа бағдарламаға сәйкес
келетін күйге бұраңыз. Бұрын таңдалған
бағдарлама жойылады. Бағдарламаны
тоқтатқаннан кейін «Аяқтау/Болдырмау»
индикаторы үздіксіз жыпылықтай бастайды.
Бағдарламаны таңдау тұтқасын бұрау
кезінде ағымдағы бағдарлама жойылады,
бірақ машинадан су ағып кетпейді. Жаңа
бағдарламаны таңдап, іске қосқаннан кейін
оның орындалуы алдыңғы бағдарламаның
қай кезеңде тоқтатылғанына байланысты
басталады. Мысалы, машина судың
қосымша мөлшерін жүктей бастайды немесе
барабандағы суды пайдаланып жууды
жалғастыра береді.
C
Алдыңғы бағдарламаның қай кезеңде
тоқтатылғанына байланысты, жаңа
бағдарламаны таңдап, іске қосқаннан
кейін жуғыш құрал мен кондиционерді
қосу қажет болуы мүмкін.
5.16. Бағдарламаны аяқтау
Бағдарлама аяқталғаннан кейін дисплейде
«End» жазуы пайда болады,
1.Жүктеу люгі есігінің индикаторы біркелкі
жарықпен жана басталғанша күтіңіз.
2.Сөндіргішпен машинаны өшіріңіз.
3.Кірді машинадан шығарып, жүктеу люгінің
есігін жабыңыз. Осыдан кейін машина келесі
жууға дайын.
5.17. Машинаның «Күту
режимінің» ерекшеліктері
Егер машинаны батырма қосқышымен
қосқаннан кейін ешқандай бағдарлама іске
қосылмаса немесе таңдау сатысында басқа
рәсім орындалмаса немесе сіз таңдаған
бағдарлама аяқталғаннан кейін екі минут
ішінде ешқандай әрекет жасалмаса, машина
автоматты түрде қуат үнемдеу режиміне өтеді.
Бұл ретте, индикаторлардың жарықтылығы
азаяды. Бұдан басқа, егер машинаның
дисплейінде бағдарламаның орындалу
ұзақтығы бейнеленсе, ол сөнеді. Бағдарламаны
таңдау тұтқасын бұрап немесе кез-келген
түймені басқаннан кейін индикаторлар мен
дисплейдің алдыңғы күйі қалпына келеді.
Энергияны үнемдеу режимінен шыққан кезде
жасалатын теңшелімдер өзгеруі мүмкін.
Бағдарламаны іске қоспас бұрын, ағымдағы
теңшелімдердің дұрыстығына көз жеткізіңіз.
Қажет болса, осы теңшелімдерді қайта
орнатыңыз. Бұл ақаулық болып табылмайды.
5.18. HomeWhiz функциясы және
қашықтықтан басқару
HomeWhiz кір жуғыш машинаны тексеру
және оның жағдайы туралы ақпарат алу үшін
зияткерлік құрылғыны пайдалануға мүмкіндік
береді. HomeWhiz қолданбасының көмегімен
әртүрлі рәсімдерді орындау үшін зияткерлік
құрылғыны пайдалануға болады, оны
машинада да жасауға болады. Сонымен қатар,
кейбір мүмкіндіктер HomeWhiz қолданған
кезде ғана қол жетімді.
Құрылғының Bluetooth функциясын пайдалану
үшін HomeWhiz қолданбасын зияткерлік
құрылғының қолданбалар дүкенінен жүктеу
керек.
Бағдарламаны орнату үшін зияткерлік
құрылғының Интернетке қосылғанына көз
жеткізіңіз.
Егер бағдарламаны бірінші рет қолдансаңыз,
пайдаланушының есептік жазбасын тіркеу
үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін сіз HomeWhiz
функциясы бар барлық өнімдеріңізді басқару
үшін осы есептік жазбаны пайдалана аласыз.
Есептік жазбаңызбен жұпталған
құрылғыларды көру үшін HomeWhiz
қолданбасындағы «Құрылғыны қосу/
жою» батырмасын басыңыз. Сіз осы беттегі
өнімдермен жұптау рәсімдерін орындай
аласыз.
Қолданбаны орнатқаннан кейін HomeWhiz
функциясы кір жуғыш машинаға зияткерлік
құрылғы арқылы хабарлама жіберуге
мүмкіндік береді.
C
HomeWhiz функциясын пайдалану
үшін зияткерлік құрылғыңызға
қолданба орнатылып, кір жуғыш
машинаңыз Bluetooth арқылы
зияткерлік құрылғыға қосылуы
керек. Егер кір жуғыш машинаңыз
зияткерлік құрылғыға қосылмаған
болса, ол HomeWhiz функциясы жоқ
құрылғы ретінде жұмыс істейді.
5.19. HomeWhiz теңшеу
Бағдарламаны іске қосу үшін машина мен
HomeWhiz қолданбасы арасында байланыс
орнату керек.
Машинаны бірінші рет қосқан кезде
HomeWhiz қолданбасындағы «Құрылғыны
қосу/жою» батырмасын басыңыз.
Орнатуды бастамас бұрын, машинаның
өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. Бір уақытта
температура батырмасын және қашықтан
басқару функциясы батырмасын басып,
машинаны HomeWhiz теңшеу режиміне
орнату үшін оларды 3 секунд ұстап тұрыңыз.

Содержание