Bosch GCO 14-24 J 0.601.B37.200 [58/131] Пайдалану

Bosch GCO 14-24 J 0.601.B37.200 [58/131] Пайдалану
58 | Қазақ
1 609 92A 4JZ | (03.08.2018) Bosch Power Tools
Кесу дискісін орнату
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
Жаңа кесу дискісін аспап шпинделіне (22) жапсырма
манипуляторден ары көрсететін етіп салыңыз.
Қысқыш фланец (23), аралық шеңберді (24) және
алты қырлы бұранданы (25) орнатыңыз. Шпиндель
бекіткішін (5) тірелгенше басып алты қырлы
бұрандаманы (25) сағат тілімен бекітіп бұраңыз.
(Бұрау моменті шам. 18–20Н*м)
Тербелуден қорғайтын қаптаманы (4) кесу дискісі
толық жабылмағанша жай төмен жылжытыңыз.
Тербелуден қорғайтын қаптаманың (4) дұрыс
істейтініне көз жеткізіңіз.
Кесу дискісін орнатқаннан кейін қосу алдында орнатудың
дұрыстығын және дискінің еркін айналатынын тексеріңіз.
Кесу дискісі тербелуден сақтайтын қаптамаға (4),
бекітілген қаптамаға (20) немесе басқа бөліктерге
тимеуіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын шам. 30секундқа іске қосыңыз.
Егер қатты тербелулер пайда болса, электр құралын
бірден өшіріп, кесу дискісін шешіп, қайта орнатыңыз.
Пайдалану
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау сақтағышы (C суретін қараңыз)
Тасымалдау сақтағышы (17) сізге түрлі жұмыс
жайларына тасымалдау кезінде электр құралын қолай
пайдалануға көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
Манипуляторды тұтқасында (3) аз төмен басып
тасымалдау қорағауышын (17) босатыңыз.
Тасымалдау қорғағышын (17) толық сыртқа тартыңыз.
Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Нұсқау: Тасымалдау қорғауышы ішке басылмағанына
көз жеткізіңіз, әйтпесе манипулятор керекті тереңдікке
бұралуы мүмкін болмайды.
Электр құралын қорғауышын орнату (тасымалдау
күйі)
Манипуляторды төменге тасымалдау сақтағышы (17)
ішке толық басылғанша жылжытыңыз.
Тасымалдау үшін басқа нұсқаулар (қараңыз
„Тасымалдау“, Бет59).
Еңіс бұрышын реттеу (D суретін қараңыз)
Еңіс бұрышын 0° - 45° арасында реттеуге болады.
Маңызды реттеу көлемдері тиісті белгілер арқылы бұрыш
панелінде (7) белгіленген. 0° мен 45° күйлері тиісті
аяқтау тірелуімен қамтамасыз етіледі.
Бұрыш панелінің бекіту бұрандасын (16) жинақтағы
алты қырлы дөңбек кілтпен (12)(8мм) босатыңыз.
Керекті бұрышты орнатып екі бекіткіш бұранданы (16)
қайта бұрап бекітіңіз.
Бұрыш панелін жылжыту (D−E суреттерін қараңыз)
Егер ені 140 мм-ден ұзын болған дайындамаларды
ажыратпақшы болсаңыз бұрыш панелін (7) артқа
жылжытыңыз.
Бекіту бұрандамаларын (16) жинақтағы алты қырлы
дөңбек кілтпен (12) (8мм) бұрап шешіңіз.
Бұрыш панелін (7) керекті аралықта бір немесе екі
бұрылысқа артқа жылжытыңыз.
Керекті бұрышты орнатып екі бекіткіш бұранданы (16)
қайта бұрап бекітіңіз.
Дайындаманы бекітіңіз
Оптималды жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым бекем қысу керек.
Қатты қысуға өте кіші болған дайындамаларды
өңдемеңіз.
Дайындаманы бекіту (E суретін қараңыз)
Дайындаманы бұрыш панеліне (7) қойыңыз.
Бекіту шпинделін (8) дайындамаға жылжытып оны
шпинделі тұтқасы (10) көмегімен дайындаманы
қысыңыз.
Дайындаманы (қимасы макс. 40 x 40 мм) дайындама
тіреуішінде бекітіңіз (F−H суреттерін қараңыз)
Бұрыш панелінде (7) 0° стандартты еңіс бұрышын
реттеңіз.
Дайындама тіреуішін (15) аз көтеріп оны бұрыш
панеліндегі саңылаудан өткізіңіз.
Дайындама тіреуішінің ілмегін бұрандама қысқыш
тесігіне (14) асып қойыңыз.
Дайындаманы дайындама тіреуішіне (15) қойыңыз.
Бекіту шпинделін (8) дайындамаға жылжытып оны
шпинделі тұтқасы (10) көмегімен дайындаманы
қысыңыз.
u Дайындама тіреуіші бұрандама қысқышында
бекем бекітілгенін және дайындаманы қойғанда
аунамауын қамтамасыз етіп.
u Дайындама биіктігі дайындама тіреуішінде макс.
40 мм болуын қамтамасыз етіңіз. Биігірек
дайындамаларды қатты қысуға болады.
u Дайындама тіреуіші пайдаланудан соң толығымен
бұрыш панеліне кері жылжуын қамтамасыз етіңіз.
Алдында тұрған ілмек дайындаманың қатты
тұруының алдын алады.
Дайындаманы босату
Шпиндель тұтасын босатыңыз (10).
Жылдам құлпын ашуды (9) ашып бекіту шпинделін (8)
дайындамадан тартыңыз.
Пайдалануға ендіру
u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
зарядтау құралының зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген зарядтау құралдарымен 220В жұмыс
істеуге болады.

Содержание

Скачать