Philips FC8136 [37/104] Абайлаңыз

Philips FC8136 [37/104] Абайлаңыз
37

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-бетінде тіркеңіз.

 Қақпақ
 Қосу/өшіру түймесі
 «Шаң дорбасы толы» көрсеткіші
 Сору қуатын электронды басқару құралы
 Қуат сымын жинау түймесі
 Артқы дөңгелек
 Шланг қосқышы
 Шлангты қосу тесігі
 Қақпақты ашу түймесі
 Тұтқа
 Шаң дорбасының ұстағышы
 Шаң дорбасы
 Мотордың қорғау сүзгісі
 Айналмалы дөңгелек
 Ақпараттық тақтайша
 Сақтап қою ойығы
 HEPA шығыс сүзгісі
 Кілем/қатты бет параметрлеріне арналған педаль
 Құрама саптама
 Уақытша қою ойығы
 Штепсельдік ұшы бар қуат сымы
 Шығыс сүзгісінің торы
 Саңылауларды тазалау саптамасы
 Кішкене саптама
 Қатты бетті тазалайтын саптама (тек кейбір үлгілерде бар)
 Кішкене щетка
 Қосалқы құрал ұстағышы
 Жиналмалы түтік
 Қол сабын және сору қуатын реттеу сырғытпасы бар шланг

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

- Суды немесе басқа сұйықтықты сорғызбаңыз. Тез жанатын заттарды сорғызбаңыз, ал күлді
тек суығаннан кейін сорғызыңыз.

- Құралды қоспас бұрын, құралда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
- Құралдың ток сымы, штепсельдік ұшы немесе құралдың өзі зақымданған болса, құралды
қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет
орталығында, Philips ұсынған қызмет орталығында немесе тиісті білімі бар мамандар
алмастыру керек.


Содержание