Philips FC8136 [39/104] Қазақша

Philips FC8136 [39/104] Қазақша

Қосалқы құрал ұстағышында бір уақытта екі қосалқы құралды сақтауға болады.
1 Қосалқы құрал ұстағышын түтікке жалғап (1), шлангты ұстағышқа жалғаңыз (2) (Cурет 9).
2 Қосалқы құралдарды ұстағышта сақтау үшін, ұстағыштың үстіне итеріп
кигізіңіз (Cурет 10).

1 Саңылауларды тазалау саптамасын, кішкене саптаманы немесе кішкене
щетканы шлангтың қол сабына немесе түтікке жалғаңыз. Ол үшін, қол сабын немесе
түтікті қосалқы құралға сәл бұрап енгізіңіз. (Cурет 11)
- Саңылауларды тазалау саптамасын тар бұрыш пен қол жетпейтін жерлерді тазалау үшін
қолданыңыз.
- Кішкене саптаманы орындық немесе диван сияқты кішкентай жерді тазалау үшін
пайдаланыңыз.
- Кішкене щетканы компьютер мен кітап сөрелерін тазалау үшін пайдаланыңыз.


1 Қуат сымын құралдан тартып шығарып, штепсельдік ұшын розеткаға жалғаңыз.
2 Құралдың жоғарғы жағындағы қосу/өшіру түймесін аяқпен басып, құралды
қосыңыз. (Cурет 12)
Ескертпе Бір сәтке үзіліс жасау қажет болса, түтікті ыңғайлы күйге уақытша қою үшін,
саптаманың шығып тұрған жағын уақытша қою ойығына кіргізіп қойыңыз (Cурет 13).
Ескертпе Шаңсорғышты алдыңғы жағында орналасқан тұтқасынан ұстап тасымалдауға
болады (Cурет 14).

Сору қуатын реттеу жолдары:
- қол сабындағы сору қуатын реттеу сырғытпасы арқылы; (Cурет 15)
- шаңсорғыштағы сору қуатының электронды басқару құралы арқылы (Cурет 16).

1 Құралдың кез келген бөлшегін шешпес немесе тазаламас бұрын, құралды өшіріп,
розеткадан ажыратыңыз.
2 Құралды және оның бөлшектерін дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Шаңсорғыштың ешбір бөлігін ыдыс жуғышта жууға болмайды.

Жұмысты жақсарту үшін, HEPA сүзгісін шаң дорбасын әр ауыстырған сайын тазалап тұрыңыз.
1 HEPA шығыс сүзгісінің торын ашу үшін, тұтқаларынан ұстап, торды жоғары тартыңыз да,
құралдан шығарыңыз (Cурет 17).
2 HEPA шығыс сүзгісін шығарыңыз.
3 HEPA шығыс сүзгісінің бүктелген жағын баяу ағып тұрған ыстық сумен шайыңыз.
- Сүзгінің бүктелген жағын жоғары қаратып ұстап, суды бүктемесіне параллельді етіп
ағызыңыз. Сүзгіні ішіндегі жиналып қалған кір сумен ағып кететін етіп ұстаңыз (Cурет 18).
- Сүзгіні 180° бұрып, суды кері бағытта ағызып жіберіңіз (Cурет 19).
 39

Содержание