Philips FC8136 [38/104] Ескерту

Philips FC8136 [38/104] Ескерту
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз
адамдардың (соның ішінде балалардың) бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Шлангты, құбырды немесе басқа қосалқы құралды көзге, құлаққа бағыттамаңыз, сондай-ақ
шаңсорғыш токқа, ал шланг шаңсорғышқа қосылып тұрғанда, ауызға салмаңыз.

- Үлкен заттарды сорғызбаңыз, себебі олар түтік пен шлангтағы ауа ағынына кедергі жасауы
мүмкін.
- Шаңсорғышты пайдаланып күл, топырақтың ұсақ түйіршіктерін, әк, цемент шаңын және
осыған ұқсас заттарды сорғанда, шаң дорбасы мен моторды қорғайтын сүзгі бітеліп
қалады. Сору қуатының қатты азайғаны байқалса, шаң дорбасын ауыстырып, моторды
қорғайтын сүзгіні тазалаңыз.
- Шаң дорбасын ауыстыру немесе сүзгілерді тазалау алдында, құралды міндетті түрде қуат
көзінен ажыратыңыз.
- Шаң дорбасы немесе моторды қорғайтын сүзгі болмаса, құралды қолданбаңыз. Бұл
моторды зақымдап, жұмыс мерзімін қысқартуы мүмкін. Қос қабатты Philips s-bag ® қағаз
дорбаларын ғана пайдалануды ұсынамыз.
- Шу деңгейі: Lc= 81 dB(A)

Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз.


1 Шлангты жалғау үшін, оны құрылғының ішіне салып, итеріңіз («сырт» еткен дыбыс
шығады) (Cурет 2).
2 Шлангты ажырату үшін, босату түймелерін басып (1), шлангты қосу тесігінен шығарыңыз
(2). (Cурет 3)

1 Түтікті шлангтағы қол сабына жалғау үшін, тар бөлігін кең бөлігіне сәл бұрап
енгізіңіз (Cурет 4).
Түтікті ажырату үшін, сәл бұрап тартыңыз.
2 Шаң сорғанда, жиналмалы түтікті ыңғайлы ұзындыққа келтіріңіз. Түтіктегі сырғытпаны
басып (1), түтіктің төменгі бөлігін астына қарай итеріңіз немесе жоғары қарай тартыңыз
(2) (Cурет 5).

Құрама саптаманы пайдаланып, кілемдерді (щетка қатарын ішіне кіргізіп) немесе қатты
беттерді (щетка қатарын сыртқа шығарып) тазалауға болады.
- Қатты беттерді тазалағанда, щетка қатары саптамадағы орнынан шығып тұру үшін, құрама
саптамадағы педальді аяқпен басыңыз. (Cурет 6)
- Кілемді тазалағанда, құрама саптамадағы педальді аяқпен тағы бір рет басса, щетка қатары
қайтадан саптамадағы орнына кіреді. (Cурет 7)

- Қатты беттерді тазалауға арналған саптама қатты беттерді оңай тазалайды (Cурет 8).
38

Содержание