Philips FC8136 [41/104] Қазақша

Philips FC8136 [41/104] Қазақша

Сүзгіні алмастырмас бұрын, құралды, міндетті түрде, розеткадан ажыратыңыз.
HEPA шығыс сүзгісін әр 12 ай сайын ауыстырып тұрыңыз.
- Ескі сүзгіні шығарып, жаңасын орнату үшін, «Тазалау және техникалық қызмет көрсету»
тарауының «HEPA шығыс сүзгісін тазалау» бөліміндегі сүзгілерді шығару және орнату
нұсқауларын орындаңыз.

- Philips Classic s-bag ® синтетикалық шаң дорбаларға FC8021 үлгі нөмірі бойынша тапсырыс
беруге болады.
- Philips Clinic s-bag ® сүзудің жоғары деңгейін беретін синтетикалық шаң дорбаларға
FC8022 үлгі нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.
- Philips Anti-odour s-bag ® синтетикалық шаң дорбаларға FC8023 үлгі нөмірі бойынша
тапсырыс беруге болады.
- Қайта қолдануға арналған шаң дорбаларына (тек кейбір елдерде) 4322 004 93370 үлгі
нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.
Ескертпе s-bag дорбалары туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.s-bag.com сайтына өтіңіз.

- HEPA шығыс сүзгілерін FC8070 үлгі нөмірімен алуға болады.

1 Құралды өшіріп, розеткадан ажыратыңыз.
2 Қуат сымын жинау түймесін басып, сымды жинап алыңыз (Cурет 29).
3 Құралды тігінен қойыңыз. Саптаманы құралға бекіту үшін, саптаманың шығып тұрған
жағын сақтап қою ойығына енгізіңіз.
Ескертпе Жиналмалы түтікті құламайтындай етіп тұрғызу үшін, түтікті барынша
қысқартыңыз.

- Қызмет мерзімі аяқталғанда, құралды әдеттегі қоқыспен бірге тастамаңыз, оның орнына
ресми жинау орнына тапсырыңыз. Осылайша, қоршаған ортаны сақтауға
көмектесесіз (Cурет 30).

Қызмет көрсету жұмыстары, ақпарат қажет болса немесе шешілмеген мәселе болса, Philips
компаниясының www.philips.com веб-торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларды
қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табуға
болады). Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда, жергілікті Philips
дилеріне хабарласыңыз.

1 Сору қуаты жеткіліксіз
- Мүмкін шаң дорбасы толып кеткен болар.
Егер қажет болса, шаң дорбасының ішін босатыңыз.
- Сүзгіні тазалау немесе ауыстыру қажет болуы мүмкін.
 41

Содержание