Hansa BK316.3 [30/92] Қызметкөрсетужәнефункциясы

Hansa BK316.3 [30/92] Қызметкөрсетужәнефункциясы
30
ҚЫЗМЕТКӨРСЕТУЖӘНЕФУНКЦИЯСЫ
Өнімдерді тоңазытқышта және мұздатқышта
сақтау
Осы құрылғыда өнімдерді сақтау барысында
берілген кеңестерге сәйкес әрекет етіңіз.
lӨнімдерді тәрелкелерге, сыйымдылық-тарға
салған немесе өндірістік үлдірлерге ораған
жөн. Сөрелерде біркелкі етіп қойыңыз.
lӨнімдердің артқы қабырғаға жанаспай-
тынына назар аударған жөн, өйткені бұл
өнімдердің тоңазып немесе ылғалданып
қалуына әкеліп соғуы мүмкін.
lІшіндегісі ыстық сыйымдылықты
тоңазытқышқа салуға болмайы.
lМай, сүт, сүзбе сияқты бөгде иістерді оңай
сіңіріп алатын өнімдерді және мысалы,
балықтар, шұжықтар, ірімшік-тер сияқты
қарқынды иіс шығаратын өнімдерді
үлдірлі орамаға немесе мұқият жабылған
сыйымдылықтарға салып, сөрелерге
орналастырған жөн.
lҚұрамында көп суы бар көкөністерді сақтау
көкөністерге арналған жәшік-тердің үстінде
су буының жиналуына әкеліп соғады; бұл
тоңазытқыштың дұрыс жұмыс жасауына
кедергі тудырмайды.
lТоңазытқышқа көкөністерді салмас бұрын,
оларды мұқият кептірген жөн.
lЫлғалдың өте көп мөлшері көкөністер-дің,
әсіресе жапырақтылардың сақтау мерзімін
қысқартады.
lКөкөністерді сақтау мақсатында
тоңазытқышқа салмас бұрын оларды жуудың
қажет жоқ. Жуу барысында табиғи қорғағыш
үлдірі жойылады, сондықтан көкөністерді
тікелей оларды қолдану алдында жуған
жақсы.
lТағамдарды 1, 2, 3* себеттерге табиғи шекті
жүктемеге дейін салу керек (11a/ 11b сурет).**
1. Қапталған өнімдер
2. Буландырғыш сөресі / сөре
3. Табиғи жуктеме шегі
4. (*/***)
lТамақтарды мұдатқыш камера
буландырғышының сөре-торына салуға
болады*.
lСөрелерге тамақты олар сөре шеттерінен
20-30 мм шығып тұратындай етіп салуға
болады**.
lМұздатқыш буландырғышының сымды
сөрелеріне өнімдерді салу және орналастыру
үшін және оларды барынша жоғары биіктікке
жинау үшін үлкенірек кеңістік алу мақсатында
1, 2 кәрзеңкені алып тастауға болады.*
Өнімдерді мұздату**
lШикі күйінде қолданылатын, мысалы, жасыл
салаттан басқа көкөністерді есеп-темегенде,
барлық азық-түлік өнімдерін мұздатуға
болады.
lМұздату үшін тек бір реттік қолдануға арналған,
үлестерге бөлінген, өте жоғары сапалы азық-
түлік өнімдерін қолданған жөн.
lӨнімдерді иісі жоқ, ауа мен ылғалдың
енуіне төзімді, сонымен қатар, майларға
сезімталдылығы аз материалдарға ораған
жөн. Ең жақсы материалдар: пакеттер,
полиэтилен үлдірі, алюминий жұқалтыр болып
табылады.
lОрама тығыз болуы қажет және мұздатылған
өнімдермен мұқият жанасуы қажет. Шыны
орамаларды қолданбаған жөн.
lМұздату мақсатында салынған балғын
және жылы азық-түлік өнімдер (бөлме
температурасындағы) әлдеқашан мұз-
датылған өнімдермен жанаспауы қажет
lБалғын өнімдердің кестеде берілгеннен көбірек
мөлшерін бір тәулік бойы мұз-датқышқа бір
уақытта салмауға кеңес беріледі ехникалық
сипаттамалар).
lМұздатылған өнімдердің жоғары сапасын
сақтау үшін мұздатқыштың ортаңғы бөлігінде
орналасқан мұзда-тылған өнімдерді әлі
мұздатылмаған өнімдермен жанаспайтындай
етіп орналастыруға кеңес беріледі.
lМұздатылған үлестерді мұздатқыш
камерасының бір жағына, ал жаңадан
салынған үлестерді қарама-қарсы жаққа және
артқы және бүйір қабырғасына мүмкіндігінше
жақын орналастыруды ұсынамыз.
lТамақтарды қатыру үшін (*/***) белгіленген
кеңістікті пайдаланыңыз.
lМұздатқыш камерасының температура-сына:
қоршаған температура, азық-түлік өнімдерімен
жүктеу деңгейі, есіктің ашылу жиілігі,
мұздатқышты мұздату деңгейі, термостаттың
баптауы сияқты факторлар әсер ететінін есте
ұстаған жөн.
lЕгер мұздатқыш камерасын жапқаннан кейін
есіктер қайта ашылмаса, онда туындаған
қысым теңгерілмейінше 1-2 минут күте тұруға
кеңес береміз.
Мұздатылған өнімдердің сақтау мерізімі
мұздату алдында балғын күйіндегі сапасына,
сонымен қатар сақтау температурасына
байланысты. -18°C немесе одан да
төменірек температурада сақтау барысында
келесі сақтау мерзімдері ұсынылады:
Өнімдер Айлар
Сиыр еті 6-8
Бұзау еті 3-6
Ішек-қарын 1-2
Шошқа еті 3-6
Құс еті 6-8
Жұмыртқа 3-6
Балық 3-6
Көкөністер 10-12
Жеміс-жидектер 10-12
* Құрылғының төменгі бөлімінде мұздатқыш
камерасы бар құралдар үшін.
** Мұздатқыш камерасы бар құрылғыларға
қатысты (*/***)
*** (*/***) таңбаланған мұздатқыш камерасы
бар құрылғыларға қатысты емес
Жедел салқындату камерасы мұздатылған
өнімдерді сақтау үшін пайдаланылмайды. Бұл
камерада мұз кесектерін дайындап сақтауға
болады ***
KK

Содержание