Redmond RBM-1908 [21/60] Мыстарды авторландырылған сервис орталық жасауы керек біліксіз

Redmond RBM-1908 [21/60] Мыстарды авторландырылған сервис орталық жасауы керек біліксіз
21
KAZ
RBM-1908
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият
оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз,
оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Өндіруші қауіпсіздік техникасы талаптарын және бұйымды пайдалану
ережелерін ұстанбаудан туындаған зақымдар үшін жауап бермейді
Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда әзірлеуге арналған көпфункци-
оналды құрылғы болып табылады және пәтерлерде, қала сыртындағы
үйлерде, қонақ үй нөмірлерінде, дүкендер, офистердің тұрмыстық бөлме-
лерінде немесе өнеркәсіптік емес пайдаланудың басқа жағдайларында
қолданыла алады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген басқа мақ-
сатсыз пайдалану бұйымды дұрыс пайдалану шарттарын бұзу болып та-
былады. Бұл жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін жауап бермейді.
Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның кернеуі аспап қоректе-
нуінің номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техни-
калық сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін қараңыз).
Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты пайдаланыңыз.
Бұл талапты ұстанбау қысқа тұйықталуға немесе кабельдің тұтануына
әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты тек жерлендірілген розеткаға қосыңыз — бұл тоқ соғуға қарсы
қорғаныстың міндетті талабы. Ұзартқышты пайдаланылғанда ол да жер-
лендірілгеніне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап жұмыс істеп тұрғанда оның корпусы,
табағы мен металдық бөлшектері қызады! Абай болыңыз! Ас-
ханалық қолғапты пайдаланыңыз. Ыстық буға күйіп қалмау үшін
қақпақты ашқанда құрылғының үстінде еңкеймеңіз.
Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны тазалау немесе жылжы-
ту кезінде розеткадан ажыратыңыз. Электр бауды сымынан ұстамай,
ашасынан құрғақ қолмен ұстап шығарыңыз.
Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу көздерінің қасында жүр-
гізбеңіз. Электр бауы бұралмауын және бүгілмеуін, өткір заттарға,
жиһаздың бұрыштары мен шеттеріне тимеуін байқаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: электр қоректену кабелін кездейсоқ зақымда-
саңыз, кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға, со-
нымен қатар электр тоғының соғуына әкеліп соқтыруы мүм-
кін. Зақымданған электр бауы сервис-орталықта жылдам
ауыстыруды талап етеді.
Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, оны жұмыс кезінде жаппаңыз бұл құрылғы-
ның қызуына және бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады құрылғы корпусы-
ның ішіне ылғал немесе бөтен заттар тисе, қатты зақымдар болуы мүмкін.
Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажыратылғанына және
толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша нұсқаулықтар-
ды қатаң ұстаныңыз.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағынына түсіруге
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Бұл аспап физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары бар немесе
тәжірибесі мен білімі жетіспейтін адамдардың (оның ішінде балалардың)
қолдануына арналмаған, мұндай тұлғалар қадағаланып, олардың қауіпсізді-
гі үшін жауап беретін тұлға осы аспапты қолдануға қатысты нұсқау жасалған
жағдайлардан басқа. Балалардың аспаппен, оның жинақтаушыларымен,
сонымен қатар зауыттық орамымен ойнауына жол бермеу мақсатында
қадағалап отыру қажет. Құрылғыны тазалау және қызмет көрсетуді балалар
ересектердің қарауынсыз жасамауы тиіс.
Аспапты өздігіңізбен жөндеуге немесе құрылымына өзгеріс енгізуге
тыйым салынады. Қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық жұ-
мыстарды авторландырылған сервис-орталық жасауы керек. Біліксіз

Содержание

Скачать