Polaris PBK 1611 [30/43] Страница 30 43

Polaris PBK 1611 [30/43] Страница 30 43
Страница 30 | 43
POLAR маркасын таңдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. POLAR сауда таңбасымен
шығарылатын электр-велосипеді жетекші әлемдік өндірушілердің жоғары технологиялық және
сенімді компоненттері негізінде құрылған және аталған көлік құралды пайдаланған кезде оған
тиісті күтім мен қызмет көрсетілген жағдайда, бұл Сізге көптеген жағымды эмоциялар мен
қуанышты сезім сыйлайды. Электр-велосипедті пайдаланбас бұрын осы пайдалану жөніндегі
Нұсқаулықты міндетті түрде толықтай, мұқият оқып шығуыңызды өтінеміз.
Неге бұл нұсқаулықты сізге оқып шығу керек?
Бұл пайдаланушының Нұсқаулығы ұдан әрі мәтін бойынша - пайдалану жөніндегі
Нұсқаулық), POLAR электр-велосипедінің техникалық деректерімен, оның құрылғысымен,
сондай-ақ электр велосипедті қауіпсіз пайдалану бойынша ережелерімен танысуға арналған,
сонымен қатар бұл пайдалану бойынша нұсқаулық қауіпсіздік техникасы мен көлік
құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптары туралы маңызды ақпаратты қамтиды.
Электр велосипедті пайдаланбас бұрын, осы құжатты міндетті түрде толықтай, мұқият оқып
шығыңыз, осы нұсқаулықтың барлық пайдалану ережелерімен мұқият танысыңыз, онда Сіздің
қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, электр-велосипедке қызмет көрсету,
оны сақтау және оған күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар мен кеңестер берілген. Пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты келешекте пайдалану үшін сақтаңыз.
Маңызды ақпарат
Бұл пайдалану жөніндегі нұсқаулық POLAR электр-велосипедін пайдалану, оған техникалық
қызмет көрсету және жөндеу бойынша тегіс қамти алатын құжат болып табылмайды.
Осы нұсқаулықта велосипедті жөндеу жөніндегі қамтылмаған мәселелер бойынша
сұрақтарыңыз болса және білікті техникалық көмек алу қажеттілігі туындаған жағдайда POLAR
электр-велосипедтерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету орталығының білікті
мамандарына немесе Сіз велосипедті сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Сонымен қатар, бұл көлік құралын пайдалану барысында туындайтын барлық жағдайларды
алдын-ала болжап, білу мүмкін емес болғандықтан, бұл пайдалану бойынша нұсқаулық электр-
велосипедті барлық жағдайларда қауіпсіз пайдалану және автокөлік құралдарының
қозғалысына, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған жаяу өтпе жолдарда қауіпсіз жүргізу
нұсқаулығы болып табылмайды. Электр-велосипедтің пайдаланушысы көлік құралын
пайдалану барысында туындаған барлық қауіп-қатерлерге өзі жаупты болады.
Бұл пайдалану жөніндегі Нұсқаулықта қауіпсіз пайдалану тұрғысынан маңызды жағдайларды
көрсететін кейбір пиктограммалар бар. Аталған пинктограммалар бұл нұсқаулықтың келесі
парағында көрсетілген. Нұсқауда берілген пинктограммаларды мұқият оқып шығыңыз және
осы Нұсқалықты әрі қарай оқыған кезде оларды ескерген жөн.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Қауіпті жағдай пайда болуы мүмкін, егер оның алдын алу шара-
лары жүргізілмесе және қорғану шаралары қолданбаған болса,
бұл ауыр жарақаттарға, тіпті өлімге де әкелуі мүмкін, мұндай
қауіпті жағдайдың пайда болуының алдын алу қажет.
Жеңіл жарақат алудың қаупін туғызуы мүмкін, сондай-ақ
электр-велосипедтің торабының немесе құрал-жабдықтардың
бүлінуін тудыратын жағдай болуы мүмкін, егер мұндай
жағдайдың алдын алу шаралары жүргізілмесе.
МАҢЫЗДЫ:
Келесі мәтінмен мұқият танысу қажет, оған назар аударма-
саңыз, электр-велосипедке берілген Сіз кепілдікті қызмет
көрсету құқығынан айырыласыз.
1. ЭЛЕКТР- ВЕЛОСИПЕДТІ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Тасымалдау барысында POLAR электр-велосипеді ұдан әрі мәтін бойынша электр-
велосипед, велосипед, көлік құралы), оны бүлінуден сақтайтын және оның тұтастығын
қамтамасыз етуге жарамды, қорғаныс картон қорабында тасымалданады. Велосипед қораптың
ішіне жартылай бөлшектелінген күйінде қапталған. Қорапты ашыңыз да, велосипедті және
оның бірнеше құрамдас бөліктерін бумадан алып шығарыңыз, содан кейін велосипедті
құрастырып жинау керек, яғни велосипедтің құрамдас бөліктерін оның рулін, алдыңғы
дөңгелегін және оның қанаттары мен педальдарын, сондай-ақ орындықтың астына
орнатылатын істігі мен орындықты велосипедтке орнату қажет.
Бұл операцияларды, кәсіби веломеханик, велосипедті сату
алдында немесе сатудан кейін жүзеге асыруы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Егер нұсқауда қарастырылған құрастыру талаптары
тиісінше орындалмаған болса велосипедті пайдалануға қатаң тыйым салынады!
Велосипедті қайда және қалай құрастырып жинауға болады, сондай-ақ құрастыру
қандай тәртіпте жүргізілетіні туралы ақпарат алу үшін сатушыға хабарласыңыз.
Велосипед толық жабдықталғанына және оны ыңғайлы пайдалану үшін оның барлық қажетті
бөлшектері дұрыс бекітілгеніне, механизмдердің күтілгендей жұмыс істейтініне, сонымен қатар
велосипедтің орындығы мен рулі дұрыс, яғни сіздің бойыңызға сай келетіндей етіп
реттелгеніне көз жеткізіңіз. Қажет болған жағдайда сатушыға хабарласыңыз. Сондай-ақ, Сіз
бірыңғай анықтама қызметі телефоны арқылы кеңес ала аласыз - телефон нөмірі осы
нұсқаулықтың 12-ші парағында көрсетілген.

Содержание

Скачать