Polaris PBK 1611 [31/43] Страница 31 43

Polaris PBK 1601 [31/43] Страница 31 43
Страница 31 | 43
2. ЭЛЕКТР- ВЕЛОСИПЕДТІҢ СИПАТТАМАСЫ
POLAR электр-велосипедтер желісі бірнеше модельдерден тұрады, бірақ пайдалану ережелері
мен велосипедтердің жалпы техникалық дизайндары барлығы үшін бірыңғай болып табылады.
Осы нұсқаулықтың мәтіндік бөлімінде негізгі ережелер баяндалған, ал нақты модельдің
техникалық сипаттамалары, осы Нұсқаулықтың 13-ші парағындағы жиынтық кестесінде
берілген.
1-Суретте электр-велосипедтің сұлбасы мен оның негізгі элементтері келтірілген:
22. Велосипедтің рамасы;
23. Алдынғы дөңгелегі көлікке
құрастырылып жиналған;
24. Жетекші жұлдызша шатунымен және
педальдарымен бірге;
25. Жетекші жұлдызшаның қорғанысы;
26. Жетектік шынжыры (немесе белдігі);
27. Артқы дөңгелегі көлікке құрастырылып
жиналған;
28. Электр қозғалтқыш;
29. Артқы ажыратқыш-қосқышы;
30. Артқы дөңгелегінің қанаты;
31. Жүксалғышы;
32. Артқы дөңгелектің тежеуіші;
33. Батареясы өлек контейнерге
орнатылған немесе көліктің рамасына
біріктірілген);
34. Орындығы (жинау механизімімен* бірге);
35. Көліктің рамасын жинау құлпы:
36. Тежеуіш тұтқасы;
37. Рульдік тұтқышы орнатылған рулімен
бірге;
38. Рульдік тұтқыштағы жиыстыру құлпы;
39. Электрлік сымдары;
40. Шамы*;
41. Алдыңғы дөңгелегінің тежеуіші;
42. Алдыңғы дөңгелегінің қанаты.
* егер аталған электр-велосипед моделінің
құрылымында қарастылыған болса
3. ЭЛЕКТР-ВЕЛОСИПЕДТЕРДІҢ ПАЙДАЛАНУ МАҚСАТЫ
Электр-велосипедтің пайдалану мақсатына және оның құрылымдық ерекшеліктеріне қарай жол
жамылғысының түріне және оны пайдаланудың жағдайларына ерекше талаптар қойылады,
бұл туралы төменгі жаднамада көрсетілген. Сіздің электр-велосипедіңіздің моделінің түрі осы
Нұсқаулықтың 13 парағындағы кестеде көрсетілген.
Жол велосипеді - асфальтбетон және асфальт жамылғысы бар жолдарда жүруге арналған.
Велосипедпен жүріп, секіріс жасауға жол берілмейді.
Әмбебап велосипеді кез келген жамылғысы бар велосипедпен жүретін жолдарда, сондай-
ақ сақтық таныту барысында жолсыз, яғни жол жамылғысы жоқ жолдарда да теуіп жүруге
болады.
Жол талғамайтын велосипед кез келген жолдарда және жолсыз, яғни жол жамылғысы жоқ
жолдарда да теуіп жүруге болады. Бұл велосипедпен жүріп, биіктен 30 см-ге дейін секіріп түсуге/
секруге рұқсат беріледі. Бұл велосипед жарық техникасымен жабдықталмаған**.
** велосипедте жарық техникасы болмаған жағдайда құралды жалпыға арналған
жолдарда қараңғы кезде пайдалануға шектеу қойылады.
МАҢЫЗДЫ: Электр-велосипед - бір ғана велосипедші мініп, жүруге және егер бұл модель жүксалғышпен
жабдықталған болса, жүк тасымалдау үшін арналған,.
Электр-велосипедтердің қай модельдері жүксалғышпен жабдықталғаны туралы және жүксалғаштың жүк
көтергіштігі туралы деректері, сондай-ақ әрбір велосипедтің толық жүк көтергіштігі туралы мәліметтер
осы Нұсқаулықтың 13-ші парағындағы электр-велосипедтердің техникалық деректелері сипатталған
кестеде келтірілген.
Велосипедті оның рұқсат етілген толық жүк көтергіштігінен асыра жүктеуге/тиеуге/не салмақ түсіруге
болмайды, себебі - бұл Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
1-Сурет. Электр-велосипедтің сұлбасы

Содержание

Скачать