Scarlett IS-525 [69/84] Қауіпсіздік шаралары

Scarlett IS-525 [69/84] Қауіпсіздік шаралары
67
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қауіпсіздік бойынша маңызды нұсқаулар. Мұқият
оқып шығыңыз және болашақ анықтамалар үшін
сақтаңыз.
Құрылғыны дұрыс емес пайдалану оның бұзылуына
әкелуі және пайдаланушыға зиян тигізуі мүмкін.
Бастапқы қосу алдында бұйымның жапсырмада
көрсетілген техникалық сипаттамалары электр
желісінің параметрлеріне сай келе ме, соны
тексеріңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қуат сымының айырында сым
және жерге қосу контактісі бар. Құрылғыны тек тиісті
жерге қосылған розеткаларға қосыңыз.
Осы Пайдалану бойынша нұсқаулыққа сай тек
тұрмыстық мақсаттарда қолдану керек. Құрылғы
өндірістік пайдалануға арналмаған.
Бөлмелерден тыс қолдануға болмайды.
Тазалау алдында немесе қолданып жатпасаңыз
әрқашан құрылғыны электр желісінен өшіріңіз.
Құрылғы бақылаусыз болса немесе олардың
қауіпсіздігіне жауапты тұлға құрылғыны қолдану
туралы нұсқаулар бермеген болса, дене, сезу
немесе ақыл қабілеттері төмен я болмаса тәжірибесі
немесе білімі жоқ тұлғалардың (соның ішінде
балалардың) қолдануына арналмаған.
Құрылғымен ойнауды болдырмау үшін балаларды
бақылау керек.
Қосылған құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.
Жеткізу жинағына кірмейтін саймандарды
қолданбаңыз.
Сым зақымдалғанда қауіпті болдырмау үшін оны
ауыстыруды өндіруші немесе ол уәкілетті еткен
сервис орталығы я болмаса баламалы білікті
қызметкер өткізуі керек.
Құрылғыны және қуат сымын суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз. Егер бұл орын алса,
құрылғыны электр желісінен дереу өшіріңіз және оны
одан әрі пайдалану алдында құрылғының жұмысқа
қабілеттілігін және қауіпсіздігін білікті мамандарда
тексеріңіз.
Қуат сымы үшкір жиектерге және ыстық беттерге
тимеуін қадағалаңыз.
Қуат сымынан тартпаңыз, шатастырмаңыз және оны
құрылғы айналасында орамаңыз.
Наш пешін тек өнімдерді дайындау үшін
қолданыңыз. Ешбір жағдайда онда киімді, қағазды
немесе басқа заттарды құрғатпаңыз.
Камерасы бос наш пешін қоспаңыз. Камераны
бірдеңені сақтау үшін қолданбаңыз.
Пеш өнімдерді консервілеуге арналмаған.
Өнімдерді тікелей камера түбіне қоймаңыз,
шешілмелі ыдысты қолданыңыз.
Дайындау рецепттерін басшылыққа алыңыз.
Қысқа тұйықталуды және пештің бұзылуын
болдырмау үшін желдету тесіктеріне судың тиюін
болдырмаңыз.
Нан пешін таза күйде тиісті түрде ұстамау беттің
тозуына әкеліп, бұл құрылғының жұмысына нашар
әсер етуі және пайдаланушы үшін ықтимал қауіпті
тудыруы мүмкін.
Ұзартқышты қолданғанда, кабельдің ең көп рұқсат
етілетін қуаты наш пешінің қуатына сай екеніне көз
жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрғанында пешке тию керек болған
жағдайда ас үйі қолғабын немесе тұтқыштарды
қолданыңыз.
Құрылғыны пайдалану кезінде илеуге арналған
қалаққа тимеңіз, бұл жарақаттауы мүмкін!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде нанхананың
қақпағын ашпаңыз және нанды пісіру қалыбын
шығармаңыз.

Содержание