Scarlett IS-525 [73/84] Төмен көмірсулы

Scarlett IS-525 [73/84] Төмен көмірсулы
71
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
30 минут бөлінеді. Дайындау уақыты 4 сағат 40
минут.
4. Ақталмаған ұннан тез пісірілетін
Бұл режим елеуіштен өткізілмеген ұннан
жеделдетілген режимде нан пісіру үшін
пайдаланылады.
Алдын ала қыздырып алу үшін 5 минут бөлінеді.
Дайындау уақыты 1 сағат 08 минут.
5. Француздық
Бұл режим кіртілдек қыртысы бар нанды дайындау
үшін пайдаланылады, құрамында майлар мен
қанттың мөлшері аз батондарды дайындау үшін
жарайды. Дайындау уақыты 3 сағат 50 минут.
6. Тез пісірілетін француздық Бұл режим француздық
нанды жеделдетілген режимде пісіру үшін
пайдаланылады. Дайындау уақыты 1 сағат 08 минут.
7. Майлы қамыр
Бұл режим кондитерлік тағамдарды дайындау үшін
пайдаланылады. Дайындау уақыты 3 сағат 35 минут.
8. Қарабидай наны
Бұл режим бидай ұны қосылған қарабидай ұнынан
нан пісіру үшін пайдаланылады. Дайындау уақыты 3
сағат 48 минут.
9. Тәтті нан
Бұл режим түрлі тәтті үстемелер, мысалы,
мармелад қосылған тәтті нанды дайындау үшін
пайдаланылады. Дайындау уақыты 2 сағат 08 минут.
10. Төмен көмірсулы
Бұл режим сұлы ұнынан және тартылған зығыр
дәнінен көмірсу мөлшері төмен нан дайындау үшін
пайдаланылады. Дайындау уақыты 4 сағат 30 минут.
11. Глютенсіз
Бұл режим дән маңызы жоқ ұннан нан дайындау
үшін және құрамында дән маңызы жоқ аралас нанды
дайындау үшін пайдаланылады. Дайындау уақыты 2
сағат 59 минут.
12. Кекс
Бұл режим кекстер және дайын қамырдан бәліштер
дайындау үшін пайдаланылады. Дайындау уақыты 1
сағат 30 минут.
13. Қамыр
Бұл режим соңынан қолдан пішіндеп, тұмшапеште
пісіру мақсатында қамыр дайындау үшін
пайдаланылады. Дайындау уақыты 1 сағат 30 минут.
14. Ауыл қамыры
Бұл режим макарон өнімдерін дайындау үшін
пайдаланылатын үй қамырын дайындаған кезде
пайдаланылады. Дайындау уақыты 5 сағат 15 минут.
15. Қайнатпа
Бұл режим қайнатпа дайындау үшін пайдаланылады.
Дайындау уақыты 1 сағат 25 минут.
16. Қамырдан пісіру
Бұл режим дайын қамырдан дайындау үшін
пайдаланылады. Дайындау уақыты 1 сағат
МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ӘДІСТЕРІ
Нан көтерілмейді
Ұндағы желімтік сапасы тиісті емес немесе сіз нан
пісіретін ұнды қолданып жатқан жоқсыз. (Желімтік
сапасы ұнның температурасына, ылғалдылығына,
сақтау жағдайларына және астық жинау уақытына
байланысты өзгеріп отыруы мүмкін)
Басқа ұн түрін, басқа өндіруші ұнын немесе ұнның
басқа партиясын қолданып көріңіз.
Сіз аз сұйықтық қосқандықтан қамыр тым қатты
болып кетті.
Құрамында ақуыз көп нан пісіретін ұн басқаларынан
көбірек суды сіңіреді, сондықтан қосымша 10-20 мл
су қосып көріңіз.
Сіз дұрыс емес ашытқыны қолданып жатырсыз.
«Тез әрекет ететін ашытқы» жазбасы бар
қалталардағы құрғақ ашытқыны қолданыңыз. Бұл
түр алдын ала ашуды қажет етпейді.

Содержание