Zanussi ZOB 442 X [9/72] Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер

Zanussi ZOB 442 X [9/72] Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Ұзақтық жəне Аяқтау
функциялары орнатылғанда, құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
4. Сигналды тоқтату үшін кез-келген
түймешікті басыңыз.
5. Тұмшапеш функциясының тетігін жəне
температура тетігін "Off" (сөндірулі)
қалпына қойыңыз.
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1. Таңдау түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша қайта-
қайта басыңыз.
2. "- " түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Сағат функциясы бірнеше секунд
ішінде сөнеді.
Қосымша функциялар
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш
құрылғы салқындағанша жұмыс істеп тұра
береді.
Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету
тəрізді қатерлі жағдайдың алдын алу үшін
қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік
терморелесімен жабдықталған.
Температурасы төмендеген кезде пеш
автоматты түрде қайта қосылады.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарлары құрылғының
астыңғы жағынан бастап саналады.
Түрлі тағамдарды пештің екі қатарына
қойып, бір мезгілде пісіруіңізге болады.
Сөрелерді 1-ші жəне 3-ші қатарға
қойыңыз.
Құрылғы ауаны үздіксіз айдап жəне буды
тұрақты айналдырып отыратын арнайы
жүйемен жабдықталған. Бұл жүйенің
көмегімен тамақты булы ортада пісіріп,
тағамдардың ішін жұмсақ, сыртын
кітірлек
етіп пісіруге болады. Бұл жүйе
тамақ пісіретін уақыт пен қуат шығынын
барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісірген кезде
құрылғы есігін əрқашан артқа шегініп
барып ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін
құрылғыны тағам пісірмей тұрып 10
минуттай қыздырып алыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз жəне тағам пісіріп жатқан
кезде құрылғының ешбір бөлшектерін
алюминий фольгамен жаппаңыз. Бұл
пісіру нəтижесіне əсер етіп, пештің
эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торттарды пісіру
Торт пісіру үшін ең тамаша температура
150°C мен 200°C градус аралығында.
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут
қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше
пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасындағы
бір қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз болатын етті
пісірмеңіз. Тым аз етті пісіргенде ет өте
кебір болып піседі.
9
www.zanussi.com

Содержание

Скачать