MBS DE-609BL [35/68] Құрметті сатып алушы

MBS DE-609BL [35/68] Құрметті сатып алушы
33
KZ
Құрметті сатып алушы!
MBS швейцариялық сауда белгісінің электр духовка шкафын таңдағаныңыз үшін алғыс
білдіреміз.
Қолдануды бастау алдында осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз. Электр духовка шкафын
монтаждауды және қосуды тек білікті маман осы нұсқаулықта берілген ережелерге сай
орындауы керек. Өндіруші (жеткізуші) осы нұсқаулықты сақтамау нәтижесінде бұйымның
бұзылуы немесе зақымдалуы жағдайында жауапты болмайды.
Бұл нұсқаулық қауіпсіздігіңіз және айналадағылардың қауіпсіздігі үшін әзірленген.
Сондықтан құрылғыны орнату және оны қолдануды бастау алдында оны мұқият оқып
шығуыңызды сұраймыз. Қажет болса, кейін қарау үшін осы нұсқаулықты сақтаңыз. Егер
құрылғы басқа тұлғаға сатылса немесе тапсырылса, осы нұсқаулықтың жаңа иесіне
берілгеніне көз жеткізіңіз.
Орнату
Құрылғыны орнатуды және оны электр желісіне қосуды тек БІЛІКТІ МАМАН орындауы
керек. Кез келген әрекеттерді орындау алдында құрылғы электр желісінен ӨШІРУЛІ
екенін тексеру маңызды.
Осы өнімнің сипаттамаларын өзгертуге әрекет жасауға болмайды.
Орамадан шығарылғаннан кейін құрылғыда зақымдар жоқ екеніне және оның
түйіспелері тамаша күйде екеніне көз жеткізіңіз. Олай болмаса, сатушымен
хабарласыңыз.
Өндіруші қауіпсіздік техникасын сақтамауға жауапты емес.
Құрылғының жанында ауаның еркін айналымы қамтамасыз етілгеніне көз жеткізіңіз.
Нашар желдету оттегінің жетіспеушілігіне әкеледі
Құрылғыны қолдану орнатылған бөлмеде температураныңжәне ылғалдылықтың
артуына әкеледі. Жақсы желдетуді қамтамасыз етіңіз (немесе ауа өткізгіші бар түтін
тартқышты орнатыңыз).
Егер құрылғы ұзақ уақыт бойы қарқынды түрде қолданылса, онда желдетудің
тиімділігін көбейту немесе түтін шығарғыш қуатын арттыру керек.
Құрылғыны жерге қосуы бар желіге қосу керек.
Құрылғыны қолдануды бастау алдында құрылғы сыртындағы және ішіндегі барлық
затбелгілерді және қорғағыш пленканы шешіңіз.

Содержание

Скачать