MBS DE-609BL [39/68] Алғашқы пайдаланар алдында

MBS DE-609BL [39/68] Алғашқы пайдаланар алдында
37
KZ
Ондық бөлгіш белгісі (9) жыпылықтап тұрғанынша көбейту (11) және (13) азайту
түймешіктері көмегімен қажетті тәулік уақытын орнатыңыз.
Бұдан кейін көбейту және азайту түймешіктерін жіберіңіз және бірнеше секунд күтіңіз.
Ондық бөлгіш белгісі жыпылықтағанын қойған соң пеш пайдаланылуға дайын болады.
2.3. Алғашқы пайдаланар алдында
Пешті өндіру барысында пайдаланылған заттардың барлық ықтимал қалдықтарын
күйдіру үшін пеш желдеткішін қосыңыз және термостаттың ең үлкен температура
мәнін орнатыңыз.
Осы үдеріс барысында соған тән иіс шығуы мүмкін. Бұл әдеттегі құбылыс.
Күйдіру кезінде пеш тұрған бөлмеде барлық терезелерді ашуға қадала кеңес беріледі.
Күйдіру кезінде бөлмеден шығып кеткен жөн.
Пеш ең үлкен температурада 30–40 минут ішінде жұмыс істеуі керек.
Пеш суыған соң оның ішкі бөлігін губканы немесе жұмсақ матаны пайдаланып, жылы
сабынды сумен жуу керек. Бұл үшін абразивті тазалау заттарын пайдалануға тыйым
салынады.
Пештің сыртқы бөлігін де губканы немесе жұмсақ матаны пайдаланып, жылы
сабынды сумен жуу керек. Бұл үшін абразивті тазалау заттарын пайдалануға тыйым
салынады.
Сонымен қатар, тот баспайтын болаттан жасалған құрылғы беттерін тиісті тазалау
құралы мен полирольді пайдаланып, тазалап тұру керек.
3. ТАЙМЕР ФУНКЦИЯЛАРЫ
3.1. Керісінше есептеу функциясы
Керісінше есептеу таймерін пешті бағдарламалау құрылғысы көмегімен теңшеуге болады.
Керісінше есеп аяқталысымен дыбыс сигналы шығады.
Бағдарламалау режиміне ауысу үшін түймешікті (12) басып, ондық бөлгіш белгісі
жыпылықтай бастағанша ұстаңыз.
Көбейту (11) және азайту (13) түймешіктері көмегімен керісінше есептеудің қажетті
уақыт мәнін орнатыңыз.
Керісінше есептеу таймерінің ең үлкен уақыт мәні 23 сағат 59 минут құрайды.
Қажетті мән орнатылған соң көбейту және азайту түймешіктерін жіберіңіз. Керісінше
есеп бірден басталады.
Бұл кезде пеш жұмысының индикаторы жанады (8).
Бірнеше секундтан соң жарықдиодты дисплей ағымдағы тәулік уақытын қайта
көрсетеді.
Керісінше есеп аяқталысымен дыбыс сигналы шығады, пеш жұмысының индикаторы
өшеді. Дыбыс сигналы 7 минут ішінде естіледі, одан кейін автоматты түрде өшеді.
Сонымен қатар, кез келген таймерді теңшеу/бағдарламалау түймешігін басып,
өшіруге болады.

Содержание

Скачать