MBS DE-609BL [44/68] Орнату

MBS DE-609BL [44/68] Орнату
42
Есіктің жоғары бұрышындағы кронштейн-ысырманы бұрап алыңыз. Шыныны
шығарып алыңыз және оны жылы сабынды судың көмегімен тазалаңыз.
Тазалаған соң шыныны қайта салыңыз. Кронштейн-ысырманы орнына бұрап
қойыңыз.
МАҢЫЗДЫ: Есікті кейін дұрыс орнату үшін шыны бекітілетін орындарын есте
сақтаңыз. Шыныларды ауыстырып алмаңыз және жинау тәртібін өзгертпеңіз.
5. ОРНАТУ
Құрылғыны келесі стандарттардың ағымдағы нұсқаларына сәйкес тиісті біліктілігі
бар маман орнатуы керек:
AS/NZS 3000: Электр сымдарын қосу нормативтері 2007
Электр қондырғылардың техникалық қауіпсіздік нормативтері 2010
5.1. Электр қосылыстары
Құрылғыны қосар алдында төлқұжаттық кестешеде көрсетілген қоректену кернеуі электр
желіңіздің номиналды кернеуіне сәйкес келетіне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ: Осы құрылғы жерлендірілуі тиіс.
Құрылғы сақтандырғышы бар екі полюсты коммутацияланатын розеткаға 15
А қосылуы керек, оның түйіспелері арасындағы аралығы 3 мм құрайды және
құрылғының қасында жеңіл қол жеткізуге болатын жерде орналасуы керек. Осы
розетка пеш асханалық гарнитурға енгізілсе де, қол жетімді болуы тиіс.
MAINS POWER SUPPLY ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕН ҚОРЕКТЕНУ КӨЗІ
LIVE КЕРНЕУДЕ
EARTH ЖЕРЛЕНДІРУ
NEUTRAL НӨЛ
BROWN ҚОҢЫР
YELLOW/GREEN САРЫ/ЖАСЫЛ
BLUE КӨК
POWER CORD ЭЛЕКТР ҚОРЕКТЕНУ КАБЕЛІ
Қоректену кабелін пешке қосу үшін ішкі түйіспелерге қол жеткізу үішн клеммалық блок
қақпағын шешіңіз. Кабельді қосып, жөнелтім жинағына кіретін қысқыштың көмегімен
бекітіңіз және бірден клеммалық блок қақпағын жабыңыз.
Егер қоректену кабелін ауыстыру керек болса, жерлендіру сымы (сары/жасыл) ылғи
қоректену сымдарынан 10 мм ұзын болуы керектігін ұмытпаңыз.

Содержание

Скачать