MBS DE-609BL [42/68] Автоматты және жартылай автоматты түрде әзірлеу функциясын болдырмау

40
Әзірлеу уақыты өте салысымен дыбыс сигналы шығып, автоматты түрде әзірлеу
индикаторы жыпылықтай бастайды.
Пештің жұмыс теңшелімдерін түсіріп, дыбыс сигналын өшіру үшін бағдарламаны
таңдау түймешігін басып, дисплейде пеш жұмысының индикаторы жанғанша және
автоматты түрде әзірлеу индикаторы керісінше өшкенше ұстаңыз.
МАҢЫЗДЫ: Егер пеш режимін таңдау тұтқасы мен термостатты басқару тұтқасын
Өш. күйіне бұрмасаңыз, тапсырылған теңшелімдерді түсіргенде пеш қыза береді.
3.5. Автоматты және жартылай автоматты түрде әзірлеу функциясын
болдырмау
Азайту (13) және көбейту (11) түймешіктерін бірге басып, автоматты түрде әзірлеу
режимінің индикаторы (7) өшкенше және пеш жұмысының индикаторы (8) жанғанша
ұстаңыз.
МАҢЫЗДЫ: Егер пеш режимін таңдау тұтқасын және термостатты басқару тұтқасын
Өш. күйіне бұрмасаңыз, таймер теңшелімдерін түсіргенде пеш қыза береді.
3.6. Керісінше есептеу функциясын болдырмау
Бағдарламалау режиміне ауысу үшін түймешікті (12) басып, ондық бөлгіш белгісі
жыпылықтай бастағанша ұстаңыз.
Азайту (13) және көбейту (11) түймешіктерін бірге басып, ұстаңыз.
Керісінше есептеудің таймер индикаторы (10) өшуі керек.
МАҢЫЗДЫ: Егер пеш режимін таңдау тұтқасын және термостатты басқару тұтқасын
Өш. күйіне бұрмасаңыз, таймер теңшелімдерін түсіргенде пеш қыза береді.
3.7. Дыбыс сигналы күшін реттеу
Дыбыс сигналында үш күш деңгейі бар: төмен, орташа және биік. Сигнал дыбысын реттеу
үшін келесіні жасаңыз:
МАҢЫЗДЫ: Пеш керісінше есептеудің ешқандай режимінде болмауы керек. Пеш
жұмысының индикаторы (8) жануы керек.
Азайту (13) және көбейту (11) түймешіктерін бірге басып, ондық бөлгіш белгісі
жанғанша ұстаңыз.
Бағдарламаны таңдау түймешігін (12) басыңыз, дисплейде санмен “n” жазуы
көрсетіледі. 1 – дыбыстың ең үлкен деңгейі, 2 – роташа және, 3 – ең төмен.
Азайту түймешігі көмегімен қажетті дыбыс деңгейін таңдаңыз.
3.8. Тәулік уақытын өзгерту
МАҢЫЗДЫ: Пеш керісінше есептеудің ешқандай режимінде болмауы керек. Пеш
жұмысының индикаторы (8) жануы керек.
Азайту (13) және көбейту (11) түймешіктерін бірге басып, ондық бөлгіш белгісі
жанғанша ұстаңыз.
Азайту және көбейту түймешіктерін жіберіңіз, одан кейін солардың көмегімен тәулік
уақытын коррекциялаңыз.

Содержание

Скачать