MBS DE-609BL [36/68] Балалардың қауіпсіздігі

34
Пайдалану
Бұл өнім тамақ әзірлеу үшін, кәсіби емес қолдану үшін әзірленген. Оны басқа
мақсаттарда қолданбау керек.
Құрылғыны қолданудан кейін барлық басқару тұтқалары «ЖАБЫҚ» немесе
«ӨШІРУЛІ» күйінде екеніне көз жеткізіңіз.
Осы құрылғы жанындағы электр розеткасын пайдаланып жатсаңыз, қолданып жатқан
құрылғылардың кабельдері оған тимеуін және құрылғының ыстық бөліктерінен
жеткілікті алыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Ешқашан бұл құрылғыны бөлмені жылыту үшін қолданбаңыз.
Балалардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны тек кәмелетке жеткен адамдар қолдануы керек. Балалардың
құрылғыға жетпеуін қамтамасыз етіңіз.
Бұл құрылғының ашық бөліктері тамақ әзірлеу кезінде қызады және өшіргеннен
кейін біраз уақыт бойы қызған күйде қалады. Суығанша құрылғыға балаларды
жақындатпаңыз.
Тазалау және қызмет көрсету
Құрылғыны таза күйде ұстаңыз. Тамақ қалдықтарымен ластауға болмайды, өйткені
бұл өрттің пайда болу қаупіне әкелуі мүмкін.
ҚҰРАМЫНДА ҚАНТ КӨП ТӨГІЛГЕН ӨНІМДЕР (МЫСАЛЫ, ТОСАП) ДУХОВКА ІШІНДЕ
КЕУІП ҚАЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ, ӨЙТКЕНІ БҰЛ ДУХОВКА ІШІНДЕГІ ЭМАЛЬ
ҚАБАТТЫҢ ЗАҚЫМДАЛУЫНА ӘКЕЛУІ МҮМКІН.
Сервистік қызмет көрсету және қосалқы бөлшектер
Ақаулықтар пайда болған жағдайда. Ешқашан құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге
тырыспаңыз. Білікті емес жөндеу зақымдарға және сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Бірінші кезекте осы нұсқаулықтың мазмұнын қараңыз. Егер онда қажет ақпаратты
таба алмасаңыз, ең жақын сервистік орталыққа хабарласыңыз. Бұл құрылғыға
сервистік қызмет көрсетуді тек өкілетті техникалық сервистік орталықта орындау
керек. Әрқашан түпнұсқалық бөлшектерді қолдануды талап етіңіз.
Құрылғыны утилизациялау
Құрылғы экологияға қауіпсіз материалдардан жасалған. Құрылғыны жаңасына
ауыстыру туралы шешім қабылдағанда осы техника түрін утилизациялаумен
айналысатын ұйымға хабарласыңыз.
Қоршаған ортаны қорғауға өз үлесіңізді қосыңыз.

Содержание

Скачать