Haier HWD80-B14686 — кір жуу машинасын дұрыс пайдалану және дайындау бойынша нұсқаулық [136/279]

Haier HWD80-B14686 [136/279] Сумен жабдықтауды қосу
ҚАЗ
17
HWD80-B14686
6. КҮНДЕ ПАЙДАЛАНУ
6.1 Электр желісіне қосу
Кір жуу машинасын қоректену көзіне қосыңыз (220 В
240 В~/50 Гц). «ОРНАТУ» тарауын да қараңыз
.
6.2 Сумен жабдықтауды қосу
Кранды ашыңыз (6-2 сурет). Су таза және мөлдір
болуы керек. Пайдаланар алдында ағып жатқан жер
болмауына көз жеткізіңіз
.
6.3 Кірді дайындау
Киімді мата құрамына (мақта, синтетика, жүн
немесе жібек) байланысты, сонымен қатар кірлеу
дәрежесі бойынша жіктеңіз.
• Ақ киімді түрлі-түсті киімнен бөліңіз. Түрлі-түсті
кірді түсі өңбейтінін тексеру үшін алдымен қолмен
жуып көріңіз.
• Қалталарды босатыңыз (түйреуіш, кілт, тиын және
т.б.) шығарыңыз және ауыр әшекейлерді шешіңіз
(мысалы, түйреуіш).
Шеттері өңделмеген киім, ішкі киім, ұсақ тоқылған
матаны, мысалы жұқа пердені жуу қабына салу
керек (оларды жуу машинасында жумаған дұрыс).
Сырғытпалар мен ілгектерін жабыңыз, түймелер
берік тігіліп тұрғанына көз жеткізіңіз; шұлық,
белдік, кеудеқап сияқты ұсақ заттарды жуу қабына
салыңыз.
Жайма мен жамылғы сияқты ірі маталар кір жуу
машинасына салғанда бүктелмеуі керек.
Жейделердің іші сыртқа айналдырылуы керек.
Назар аударыңыз: Тоқылмаған элементтер,
сонымен қатар ұсақ, берік бекітілмеген және үшкір
заттар киімді және машинаны бұзуы мүмкін.
Қалталардан ұсақ заттарды шығарыңыз (кілт, тиын
және т.б.) және қатты әшекейлерді шешіңіз
(мысалы, сәнді түйреуіш)
.

Содержание

Кір жуу машинасын электр желісіне қосу, суды жабдықтау және киімді дайындау бойынша толық нұсқаулық. Сіздің киіміңізді дұрыс жуу үшін қажетті кеңестер.