Haier HWD80-B14686 — кепілдік талоны: тұрмыстық техникаға арналған ақпарат [156/279]

Haier HWD80-B14686 [156/279] Қаз
ҚАЗ
37
HWD80-B14686
13. КЕПIЛДIК ТАЛОНЫ
Құрметті сатып алушы!
S401 офисі, Хайер бренд билдинг, Хайер Индастри парк Хай-тек зон, Лаошан Дистрикт,
Циндао, Қытай мекен-жайында орналасқан «Хайер» корпорациясы таңдауыңызға
алғыс білдіреді, бұйымды пайдалану ережелері ұстанылған жағдайда осы бұйымның
мүлтіксіз қызметі мен жоғары сапасына кепілдік береді. Тұрмыста пайдалануға
арналған тұрмыстық техника бұйымдарына ресми қызмет ету мерзімі бұйым соңғы
Тұтынушыға берілген күннен бастап келесідей бекітіледі: теледидарға - 5 жыл,
планшеттік компьютерлер, ноутбуктер мен теледидар приставкаларына - 3 жыл,
шаңсорғыш робот - 4 жыл, мобильдік телефондар мен гироскутерлер - 2 жыл,өзге де
тауарлар үшін - 7 жыл (F-сериялары - 9 жыл). Өнімнің жоғары сапасы есепке алынғанда
нақты пайдалану мерзімі ресми мерзімнен көп асуы мүмкін. Бүкіл өнім пайдалану
жағдайлары есепке алынып жасалды және техникалық талаптар сәйкестігіне тиісті
сертификаттаудан өтті . Түсінбестікті болдырмау үшін сатып алғанда пайдалану
бойынша нұсқаулықты, кепілдік міндеттемелер шарттарын мұқият оқуға және кепілдік
талоны дұрыс толтырылғанын тексеруді қадап өтінеміз. Кепілдік талон дұрыс немесе
толық толтырылмаған жағдайда сатушы ұйымға бірден жолығыңыз. Осы бұйым
тұрмыстық мақсаттағы техникалық к
үрделі тауарды білдіреді. Егер Сіз сатып алған
бұйым арнайы орнатуды және қосуды талап етсе, Авторландырылған Хайер серіктесіне
жолығуға қадап кеңес береміз. «Хайер» корпорациясы осы кепілдік талонмен бұйым
ақаулары анықталған жағдайда тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы
қолданыстағы заңнамамен, басқа нормативтік актілермен бекітілген тұтынушылардың
талаптарын қанағаттандыру бойынша міндеттемелерді өзіне алуды растайды. Алайда,
«Хайер» корпорациясы төменгі шарттар ұстанбанған жағдайда бұйымға кепілдік те,
қосымша қызмет көрсетуден бас тартуға құқығын өзінде қалдырады.
Кепілдік және қосымша сервистік қызмет шарттары
Кепілдік және қосымша қызмет тек нұсқасы бекітілген кепілдік талоны бар бұйымдарға
таралады. «Хайер» корпорациясы тауар тұтынушыға берілген күннен бастап 12 ай
кепілдік мерзімін бекітеді және тауар тұтынушыға берілген күннен бастап 36 айдың
ішінде қосымша сервистік қызмет көрсетеді* . Электр су ысытқыш багының кепілдік
мерзімі бұйымды соңғы пайдаланушы сатып алған күннен бастап 7 жыл. Ықтимал
түсінбестікті болдырмау үшін бұйым сатылғанда оған ілестірілген құжаттарды
(тауарлық чек, кассалық чек, пайдалану бойынша нұсқаулық, кепілдік талон) қызмет
ету мерзімі ішінде сақтаңыз.
Бұйымға қосымша сервистік қызмет көрсетуӨндіруші кінәсінан туындаған бұйым
ақауларын тұтынушы үшін тегін жою тауар тұтынушыға берілген сәттен екінші және
үшінші жылдың ішінде жүзеге асырылады. Осы қызмет тек бұйымның иесі тауарлық
және кассалық чекті, бұйымды сатып алу фактісін растайтын басқа құжаттарды
ұсынғанда көрсетіледі. Кепілдік сервис қызметін тек Өндіруші өкілеттеген Хайердің
Авторландырылған серіктестері көрсетеді. ТМД аумағында
Авторландырылған серіктестердің толық тізімін «Хайер» ақпараттық орталығында
келесі телефондар арқылы:

Содержание

Тұрмыстық техника бұйымдарының кепілдік мерзімдері мен шарттары туралы толық ақпарат. Сатып алушылар үшін нұсқаулықтар мен кеңестер.