Buderus SBB200(W) [14/68] Іске қосу

Buderus SBB200(W) [14/68] Іске қосу
6 Іске қосу
SNB160(W) | SNB200(W) | SUB300(W) | SBB200(W) | SMB300(W) – 6 720 811 177 (2014/04)
14
6 Іске қосу
Құбырлар мен жылы су контейнерін пайдалану алдында
дұрыстап сумен жуыңыз ( 18 суреті, 64-бет).
Барлық бөлшектер мен жабдықтарды техникалық құжаттардағы
өндірушінің нұсқауы бойынша іске қосыңыз.
6.1 Пайдаланушыларға кеңес
Құрылғы мен жылы су контейнерін пайдалануды түсіндіріңіз
және әсіресе қорғаныс шараларын ескертіңіз.
Қорғаныс клапанының жұмысы мен оны тексеру шарттарын
түсіндіріңіз.
Тапсырыс берушіге бірге берілетін барлық құжаттарды беріңіз.
Пайдаланушыға кеңес: Техникалық қызмет көрсету және
тексеру туралы шартты тек қана мүдделі мекемемен рәсімдеу
керек. Жылы су контейнерін көрсетілген аралыққа сәйкес
жөндеңіз және жыл сайын тексеріңіз ( 8 кестесі, 15-бет).
Пайдаланушыға келесілерді ескеріңіз:
Ысыған кезде су қорғаныс клапанынан асып ағуы мүмкін.
Қорғаныс клапанының түтігі әрқашан ашық болуы тиіс.
Техникалық қызмет көрсету аралықтары орындалуы керек
( 8 кестесі, 15-бет)
Мұздау қаупі болған жағдайда немесе аз уақыт іске
қосылмай қалса: Жылу құрылғысын іске қосып, ең төмен
температура көрсеткішіне қою керек.
жырату
Реттегіш құрылғыдағы температура реттегішті ажыратыңыз.
Жылы су контейнерін босатыңыз ( 9.2.2 тарауы, 15-бет).
Барлық бөлшектер мен жабдықтарды техникалық құжаттардағы
өндірушінің нұсқауы бойынша ажыратыңыз.
Жапқыш клапандарды жабыңыз ( 24 суреті, 66-бет).
Жылу алмастырғышты қысымнан босатыңыз.
Жылу алмастырғышты босатыңыз және сөндіріңіз
( 25 суреті, 66-бет).
Тотығуды болдырмау үшін ішін кептіріңіз және тексеру
саңылауының қақпағын ашық қалдырыңыз
( 5 суреті [11], 60-бет).
SNB160, 200 және SBB200 жылы су контейнерлерін кептіру үшін:
Магний анодын ажыратыңыз.
8 Қоршаған ортаны қорғау/қалдықтарды
қоқысқа тастау
Қоршаған ортаны қорғау Bosch тобының кәсіпкерлік принципі
болып табылады.
Өнім сапасы, үнемділік және қоршаған ортаны қорғау біз үшін
маңыздылығы бірдей мақсаттар болып табылады. Қоршаған ортаны
қорғау туралы заңдар мен нұсқаулар айқын бекітілген.Қоршаған
ортаны қорғау үшін біз экономиялық тұрғыдан кепілдік бере
отырып, ең сапалы техника мен материалдарды пайдаланамыз.
Орама
Орау барысында біз әр елде бекітілген пайдалану жүйелерін есепке
аламыз.
Барлық орама материалдары экологиялық талаптарға сәйкес келеді
және қайта өңдеуге арналған.
Ескі құрылғы
Ескі құрылғыларда қайта өңделуге жатқызылатын бағалы заттар бар.
Қосалқы бөлшектер оңай ажыратылады және пластмассадан
жасалған бөлшектер белгіленген. Осылайша әртүрлі қосалқы
бөлшектер сұрыпталады және өңдеуге немесе одан әрі қоқысқа
тастауға жіберіледі.
ҰСЫНЫС: Қысымның артуынан контейнердің
зақымдалуы!
Қысымның артуынан эмальда жарықшақтар пайда
болуы мүмкін.
Қорғаныс клапанының түтігін жаппаңыз.
ЕСКЕРТУ: Жылы су шүмектеріндегі күю қаупі!
Жылу дезинфекциясының барысында және жылы су
температурасы 60 °C-тан асқанда, жылы су
шүмегінен күю қаупі бар.
Тұтынушыға тек араластырылған суды ашу
қажеттілігі туралы ескертіңіз.
ЕСКЕРТУ: Ыстық судан күю қаупі!
Жылы су контейнерін жеткілікті деңгейге дейін
суытыңыз.

Содержание

Скачать