Defort DLM-1010N [51/96] Шөп шабуға арналған электр машина

Defort DLM-1010N [51/96] Шөп шабуға арналған электр машина
51
KZ
Зейінді тұманадататын немесе реакцияны
баяулататын дəрілерді қабылдаған немесе
алкогольды тұтынған соң, сондай-ақ науқастану,
шаршаңқылық немесе стресс кезінде жұмыс іс-
теуге жол берілмейді.
Жақсы жарықтанған кезде, күндіз жұмыс істеу
қажет.
Жұмысқа кіріспес бұрын шабылатын жерді тас-
тар, сымдар немесе т.б. заттардың болмауына
тексеріңіз. Олар айналатын пышақтың
сыналануын жəне
соның салдарынан қозғағышқа
салмақ түсуін туындату мүмкін.
Бұйымның барлық бөліктері мықтап бекітілген
жəне жұмысқа жарамды екеніне көз жеткізіңіз.
Əр кез жұмыс алдында бұйымның жұмысқа
жарамдылығын келесі жолмен тексеру
кеңестеледі:
бұйымды бір минутқа бос жүріске қосыңыз;
əдеттен тыс шу немесе шамадан тыс ді-
ріл байқаған жағдайда Сервис қызметіне
хабарласыңыз.
Өзіңізге шақ ықшам киім киіп жұмыс істеңіз.
Қорғаныс көзілдірігі мен шу қағар киіңіз.
Қозғағышты нұсқаулыққа сəйкес қосыңыз. Бұл
ретте аяғыңыз пышақтан жеткілікті қашықтықта
болуы қажет.
Айналып жатқан пышақты қолыңызбен ұстамаңыз
жəне еш жағдайда оны қолыңызбен тоқтатуға
тырыспаңыз!
Жұмыс процессі кезінде екі қолмен мықтап ұстап
бұйымның артында тұрыңыз.
Шөп машинасын
ақырын жəне біркелкі
жылжытыңыз. Биік жəне қалың шөп арасында
қосылған бұйымның тез жылжуынан туындаған
айналатын пышақ айналысының санының азаюы
электр қозғағышының артық салмақ тиелуіне
əкеледі.
Шөп шабу машинасын тек шөпті көлденең шабу
үшін ғана қолданыңыз.
Қорек кабелінің таза күйінде болуы мен
дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз, бұйымның
жылжымалы бөліктерімен жанасуын
болдырмаңыз.
Электр ұзартық сіздің қозғалысыңызға жəне
шөптің шабылуына кедергі келтірмейтіндей етіп
тартылуы қажет.
Бөлмеден тыс қолдануға арналған ылғалдан
қорғалған ұзартқыштарды ғана пайдаланыңыз.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін желідегі ток күші 30 мА
артық емес үдемелі ауытқулар кезінде қосылатын
қорғанысты ажырату құрылғысын (ҚАҚ) құруға
кеңес береміз.
Ешқашан машинаны кабелінен ұстап
жылжытпаңыз жəне оны
розеткадан ажырату
үшін тартпаңыз.
Жұмыс процессі кезінде мұқият жəне өте ұқыпты
болыңыз.
Тепе теңдікті сақтаңыз. Бұйымға сүйенбеңіз!
Бұрылғанда немесе бұйымды өзіңізге тартқанда
өте мұқият болыңыз.
Шөп шабуға арналған электр
машина
ҚОЛДАНЫЛУЫ
Бұл шөп шабуға арналған электр машинасы биік
емес сəндік шөптерді шабуға арналған.
Бұл бұйым мыналарды шабуға арналмаған:
ылғал шөп,
шық қонған шөп,
қатты сабақты өсімдіктерді.
Бұйымды шөпті қиқымдау үшін қолданбаңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Кернеу, В 230
Ток жиілігі, Гц 50
Тұтынатын қуат, Вт 1000
Бос айналым жылдамдығы, айн/мин 3000
Шабу ені, мм 320
Шабу ұзындығы, мм 25/40/55
Шөп жинауға арналған кəрзеңке, л 30
Салмағы, кг 10,5
ҚҰРЫЛҒЫ (1-СУРЕТ)
1. Корпус.
2. Моторлық бөліктің қақпағы.
3. Артқы қақпақ.
4. Шөп жинауға арналған кəрзеңке.
5. Саптың төменгі бөлімі.
6. Саптың жоғарғы бөлігі.
7. Бұранда.
8. Сомын.
9. Аша-ажыратқыш қиыстырмасы.
10. Кабельді ұстағыш.
11. Артқы дөңгелек.
12. Алдыңғы дөңгелек.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ
Өрт шығу, электр тогының соғуы жəне
жарақаттанудан аулақ болу үшін шөп шабуға
арналған машинаны осы нұсқаулық талаптарына
сəйкес пайдалану қажет.
Сатып алған соң бұйымды жəне оның жұмыс іс-
теу принципін мұқият зерттеңіз.
Бұйымның қозғағышы қо оқшаулағышпен
жабдықталған, бірақ қос оқшаулағыш бұйымның
барлық бөлігіне таратылмаған. Сондықтан
жұмысты бастамас бұрын резеңке етік
пен
резеңке қолғап кию қажет.
Бұйымның суға: шалшыққа, арыққа жəне т.б.
түсуін болдырмаңыз. Сізді электр тогы соғуы
мүмкін.
Тұман, жаңбыр немесе жоғары ылғалдық кезінде
жұмыс істеуге тиым салынады.
KZ

Содержание

Скачать