Samsung DV90TA040AE [102/174] Күтім көрсету

Samsung DV90TA040AE [102/174] Күтім көрсету
Күтім көрсету
44
Қазақша
ЕСКЕРТУ
Кептіргішті бетіне суды тура бүркіп тазаламаңыз.
Кептіргішті бензол, сұйылтқыш, спирт не ацетонмен тазаламаңыз. Түсі кетіп,
деформацияланып, бүлініп немесе электр қатері орын алуы, өрт шығуы
мүмкін.
Кептіргішті тазалау алдында қорек сымын міндетті түрде ағытыңыз.
Басқару панелі
Жұмсақ, дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Жеміргіш жуғыш заттармен
тазаламаңыз. Тазалағыш заттарды басқару панеліне тікелей шашуға
болмайды. Басқару панеліне төгілген заттарды дереу сүртіп алыңыз.
Сыртқы жағы
Жұмсақ, дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Жеміргіш жуғыш заттармен
тазаламаңыз. Өткір немесе ауыр заттарды кептіргіштің үстіне/қасына
қоймаңыз. Жуғыш затты және кір жууға арналған заттарды тұрғыға (жеке
сатылады) немесе жеке сауытқа салып сақтаңыз.
Барабан
Тот баспайтын болатқа арналған түрпілі емес тазалағышқа батырылған
дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Қалған қалдығын таза құрғақ шүберекпен
тазалаңыз.
Қыл-қыбыр сүзгісі
Қыл-қыбыр сүзгісі әр салынымнан кейін тазалаңыз.
Күтім көрсету
DV5000T_DC68-04209S-00_KK.indd 44 2020/12/1 11:14:33

Содержание

Скачать