Samsung DV90TA040AE [62/174] Қауіпсіздік шаралары

Samsung DV90TA040AE [62/174] Қауіпсіздік шаралары
4
Қазақша
Қауіпсіздік шаралары
Жаңа Samsung кептіргішін сатып алғаныңызбен құттықтаймыз. Бұл нұсқаулықта
құрылғыны орнату, іске қолдану, оған күтім көрсетуге қатысты маңызды ақпараттар
қамтылған. Кептіргіштің көп мүмкіндіктері мен функцияларын толық қолдану үшін,
осы нұсқаулықты уақыт бөліп оқып шығыңыз.
Қандай қауіпсіздік нұсқауларын білу керек
Осы нұсқаулықта көрсетілген ескертулер мен қауіпсіздік нұсқаулары, орын алуы
мүмкін жағдайлардың барлығын қамтымаған. Кептіргішті орнату, оған күтім
көрсету және іске қосу барысында сақ болу, қарапайым сақтық шараларын сақтау
сіздің міндетіңіз.
Түсінбейтін мәселе немесе жағдай туындаса, үнемі өндірушіге хабарласыңыз.
Маңызды қауіпсіздік белгілері
Осы нұсқаулықтағы таңбалар мен белгілер нені білдіреді:
ЕСКЕРТУ
Адам қатты жарақат алатын, мерт болатын және/нем мүлікке зиян келтіретін
қатерлі жағдайлар не қауіпті әрекеттер.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
Адам жарақат алатын, және/не мүлікке зиян келтіретін қатерлі жағдайлар не
қауіпті әрекеттер.
ЕСКЕРІМ
Адамға немесе мүлікке зақым келтіретін қауіптің бар екенін көрсетеді.
Нұсқауларды оқыңыз
Бұл ескерту белгілері өзіңіз және басқа адамдар жарақат алмас үшін берілген.
Оларды мұқият орындаңыз.
Осы нұсқаулықты оқығаннан кейін, кейін қарап жүру үшін сенімді жерге сақтап
қойыңыз.
Құрылғыны қолданар алдында барлық нұсқауларды оқып шығыңыз.
Қауіпсіздік шаралары
DV5000T_DC68-04209S-00_KK.indd 4 2020/12/1 11:14:23

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения