Samsung DV90TA040AE [97/174] Іске кірісу

Samsung DV90TA040AE [97/174] Іске кірісу
Қазақша
39
Іске кірісу
Оңай бастау қадамы
1. Кептіргішті қосу үшін Қуат түймесін басыңыз.
2. Кептіргішті толтырып, есігін жабыңыз.
3. Цикл таңдау тетігін бұрап циклды таңдаңыз.
4. Қажет болса цикл параметрлерін (
Кептіру деңгейі және Уақыт)
арқылы өзгертіңіз.
5. Қажетті параметрлер мен опцияларды қалауыңызға сай таңдаңыз.
(
Қыжымданудан сақтау, Барабан жарығы, Ылғал деңгейін ескерту,
және/немесе Кешіктіріп аяқтау).
6.
Бастаузіліс (Бастау үшін ұстап тұру) түймесін басып тұрыңыз.
Дисплейде кептіргіштің индикаторлары жанады және циклдың есептелген
уақыты көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ
Қолжетімді параметрлер мен опциялар циклға байланысты әр түрлі болады.
Циклды жұмыс істеп тұрған кезінде өзгерту
1. Жұмысты тоқтату үшін Бастаузіліс (Бастау үшін ұстап тұру) түймесін
басыңыз.
2. Басқа циклды таңдаңыз.
3. Жаңа цикл бастау үшін Бастаузіліс (Бастау үшін ұстап тұру) түймесін
басып тұрыңыз.
Сұрыптау және жүктеу
Кептіргішке бір уақытта тек бір жуылған партияны салыңыз.
Ауыр және жеңіл заттарды араластырып салмаңыз.
Бір немесе екі затты кептіргенде кептіру тиімділігін арттыру үшін қосымша
құрғақ сүлгі салыңыз.
Тамаша нәтижеге қол жеткізу үшін кірлерді кептіргішке салу алдында бір-
бірінен ажыратыңыз.
Тым көп кір салғанда кептіру нәтижесіне әсер етеді, нәтижесінде кір
біркелкі кеппейді және қыжымданып қалады.
Кірдің жапсырмасында ұсынылмаса, жүн мата мен шыны талшықтан
жасалған заттарды кептірмеңіз.
Жуылмаған заттарды кептірмеуге тырысыңыз.
Май, спирт, бензин, т.с.с. заттар жұққан кірлерді кептірмеңіз.
Іске пайдалану
DV5000T_DC68-04209S-00_KK.indd 39 2020/12/1 11:14:32

Содержание

Скачать