Samsung DV90TA040AE [71/174] Пайдалану кезінде сақталатын сақтық шаралары

Samsung DV90TA040AE [71/174] Пайдалану кезінде сақталатын сақтық шаралары
Қазақша
13
Пайдалану кезінде сақталатын сақтық шаралары
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе оның үстіне зат (мысалы, кір, жанып тұрған
шамшырақ, тұтатылған темекі, ыдыс-аяқ, химиялық заттар, металл заттар т.б.)
қоймаңыз.
Бұның нәтижесінде электр, өрт қатері орын алып, құрылғыға нұқсан келуі не
адам жарақаттануы мүмкін.
Кептіріп жатқанда немесе кептіріп бола сала, шыны есікке не барабанның ішіне
қолыңызды тигізбеңіз, себебі ыстық.
Күйіп қалуыңыз мүмкін.
Жуу және кептіру барысында есіктің әйнегі ысып тұрады. Сондықтан ыстық әйнекке
қол тигізбеңіз.
Сонымен қатар балаларға жуғыш машинаның қасында ойнауға немесе есігінің
әйнегін ұстауға рұқсат бермеңіз.
Күйіп қалуыңыз мүмкін.
Түймелерді түйреуіш, пышақ, тырнақ т.с.с.өткір затпен баспаңыз.
Электр қатері орын алуы не адам жарақаттануы мүмкін.
Резеңке (латекс) не осы сияқты резеңкеден жасалған кірді кептірмеңіз.
Егер резеңке қызып кетсе, өрт шығуы мүмкін.
Көкөніс майы не тағам пісіретін май сіңген кірді кептірмеңіз, себебі кірді жуған
кезде көп мөлшерде сіңген май арылмайды. Сонымен қатар, кір қызып кетпеу үшін
Салқындату циклын пайдаланыңыз.
Майдың оксидтену қызуы өрттің басталуына себеп болуы мүмкін.
Кептірілетін киімдердің барлығының қалталарының бос екеніне көз жеткізіңіз.
Тиын, түйреуіш, тырнақ, бұранда немесе тас тәрізді қатты, өткір заттар
құрылғыға аса қатты зиян келтіруі мүмкін.
Үлкен қапсырмасы, түймелері бар немесе ауыр темір зат (тартпа, ілгектер және
түйме өткізгіштер, түйменің қақпақтары) тағылған киімдерді жумаңыз.
Қауіпсіздік шаралары
DV5000T_DC68-04209S-00_KK.indd 13 2020/12/1 11:14:23

Содержание

Скачать