Samsung DV90TA040AE [70/174] Қауіпсіздік шаралары

Samsung DV90TA040AE [70/174] Қауіпсіздік шаралары
Қауіпсіздік шаралары
12
Қазақша
Газ (орталықтандырылған газ, пропан газы, СГ) жылыстап шыққанда, бұл құрылғыға
немесе қуат сымына қол тигізбеңіз, дереу желдетіңіз.
Осы кезде желдеткішті пайдаланбаңыз.
Жарқыл шығып, жарылыс не өртке ұласуы мүмкін.
Құрылғының кез келген бөлшегін, пайдаланушы жөндеуге арналған нұсқаулықта
арнайы көрсетілмесе, жөндеуге, ауыстыруға немесе қызмет көрсетуге тырыспаңыз.
Сонымен қатар, бұл құрылғыға қызмет көрсетуге жарайтын дағдыларыңыз болуы
керек.
Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз.
Стандартты сақтандырғыштан басқа сақтандырғышты (мысалы, мыс, темір сым
т.б.) қолданбаңыз.
Құрылғыны жөндеу немесе қайта орнату қажет болса, жақын қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Бұлай істемегенде, электр қатері орын алуы, өрт шығуы, өнімге нұқсан келуі
немесе адам жарақат алуы мүмкін.
Сатып алған құрылғыңыз тұрмыста қолдануға ғана арналған.
Егер коммерциялық мақсатта қолданылса, өнім көрсетілген мақсатта
қолданылмаған болып есептеледі. Бұндай жағдайда, өнім Samsung тарапынан
берілетін стандартты кепілдік бойынша қарастырылмайды және дұрыс қолданбау
салдарынан орын алған ақау немесе нұқсанға Samsung компаниясы жауапкершілік
көтермейді.
Құрылғыдан тосын шуыл, иіс, тұтанған иіс не түтін шықса, қуат сымын дереу кесіп,
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Себебі электр немесе өрт қатері пайда болуы мүмкін.
Балаларға (не үй жануарларына) құрылғының ішінде немесе үстіне шығып ойнауға
рұқсат бермеңіз. Құрылғының есігі ішкі жағынан оңай ашылмайды және балалар
қамалып қалса, қатты жарақат алуы мүмкін.
Қауіпсіздік шаралары
DV5000T_DC68-04209S-00_KK.indd 12 2020/12/1 11:14:23

Содержание

Скачать