Scarlett SC-MC410S10 [29/32] Орнату

Scarlett SC-MC410S10 [29/32] Орнату
IM013
www.scarlett.ru 29 SC-MC410S10
Егер бұйым біршама уақыт 0°C-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ОРНАТУ
Көп тағамдық қасқанның ішінде орауыш материалдар мен бөгде заттардың жоқ екенін тексеріңіз.
Тасымалдау кезінде төмендегілердің бүлінбегенін тексеріңіз: қақпақ; корпус; қосымша керек-жарақтар;
алмалы кәстрөл. Кез келген ақаулық анықталған жағдайда аспапты тоққа қоспаңыз; сатушыға немесе
сервис орталығына хабарласыңыз. Аспапты құрғақ, біртегіс әрі ыстыққа төзімді беткі қабатқа орнатыңыз.
Аспапты жанғыш материалдардың, жарылғыш заттардың және өздігінен тұтанғыш газдардың жанында
орнатпаңыз. Аспапты газ немесе электр пештерінің, сондай-ақ басқа жылу көздерінің қасына қоймаңыз.
Аспапты қабырғаға немесе жиһазға тым жақын жерде орналастырмаңыз.
Көп тағамдық қасқанның үстіне ештеңе қоймаңыз. Желдеткіш саңылауларды бітеп тастамаңыз.
Көп тағамдық қасқанды шкафтың ішіне орналастыруға болмайды. Аспаптың қалыпты жұмыс істеуі үшін
ауа еркін айналатын бос кеңістікті қамтамасыз ету қажет: кем дегенде: үстінен 20 см, артқы панелі
жағынан 10 см және екі бүйірінен кем дегенде 5 см.
ЖҰМЫСЫ
Ең бірінші кезекте шараны, қыздырғыштың беткі қабатын және көп тағамдық қасқанның ішкі жағының беткі
қабатын сүртіңіз.
Шараға су құйып, азық-түлікті салыңыз. Азық-түлікті көп тағамдық қасқанның шарасының 3/5 көлемінен
асырмай салыңыз. Ыстық суда бөрте алатын (күріш, құрғақ көкөніс) немесе көбік түзетін азық-түлікті
пісірген кезде, кәстрөлдің көлемінің жартысынан асыра толтыруға болмайды. Бұл орайда азық-түлік пен
судың жалпы көлемі шараның толық көлемінің кем дегенде 1/5 бөлігіндей болуға тиіс.
Шараны көп тағамдық қасқанның ішіне қойыңыз.
Қақпағын сырт еткенше жабыңыз.
Көп тағамдық қасқанды электр желісіне жалғаңыз. Бұл орайда бірінші тамақ дайындау бағдарламасының
тұсындағы жарық индикаторы жыпылықтай бастайды, бейнебетте сіз бірінші қосалқы бағдарламаның 01
нөмірін көресіз.
Көп тағамдық қасқанның 8 негізгі тамақ дайындау бағдарламасы және 35 қосалқы бағдарламасы бар.
Әрбір негізгі бағдарламаға қосалқы бағдарламалардың белгілі бір саны сәйкес келеді, олардың егжейлі-
тегжейлі суреттемесі нұсқаулықтың басында келтірілген.
Белгілі бір бағдарламаны таңдау үшін «MENU» (мәзір) түймешігін қанша рет керек болса, сонша рет
басыңыз. Сол кезде таңдалған бағдарламаның тұсында жарық индикаторы жанады. Бейнебетте
бағдарламаның бірінші қосалқы бағдарламасының нөмірін көресіз.
«HOUR (+)» (сағат), «MIN (-)» (минут) түймешіктерінің көмегімен сіз пісіру уақытын рецептке сәйкес
өзгерте аласыз.
Мысалы, қой етін бұқтырып пісіру үшін төмендегіні іске асыру керек:
1. Көп тағамдық қасқанды желіге іске қосқаннан кейін «MENU» (мәзір) түймесін бес рет басып, сол
арқылы «STEW» (бұқтыру) бағдарламасын таңдаңыз, бейнебетте бірінші тиісті бағдарламаның 01 деген
нөмірін көресіз.
2. «HOUR (+)» (сағат) түймесін екі рет басу арқылы «Lamb» (қой еті) қосалқы бағдарламасын таңдаңыз.
Тамақ пісіру бағдарламасы мен қосалқы бағдарламаны таңдағаннан кейін «START» (бастау) түймешігін
басыңыз, бейнебетте осы бағдарлама үшін алдын ала орнатылған дайындау уақыты көрінеді.
«HOUR (+)» (сағат), «MIN (-)» (минут) түймешіктерінің көмегімен сіз пісіру уақытын рецептке сәйкес
өзгерте аласыз. Әр бағдарлама бойынша дайындау уақытын реттеу аралықтары кестеде келтірілген.
Уақыт параметрлерін орнату аяқталғаннан кейін «START» (бастау) түймешігін тағы бір рет басыңыз. Көп
тағамдық қасқанның жұмысы басталады.
Жұмысы аяқталғаннан кейін көп тағамдық қасқан автоматты түрде жылыту режиміне ауысады.
«STEAM» (буға пісіру) бағдарламасы жұмыс істеп тұрғанда бу қасқанға арналған торды пайдалану қажет.
Шараға су құйыңыз, тордың үстінен азық-түлікті салыңыз да, шараның үстінен торды орнатыңыз.
Ыңғайлы болу үшін қасық қоятын тұғырды пайдалануға болады. Бұл орайда тұғырды көп тағамдық
қасқанның корпусына бекіту керек.
МЕНІҢ РЕЦЕПТІМ / ДАЙЫНДАУ УАҚЫТЫ ФУНКЦИЯСЫ
Бұл функция тағамды тек бағдарлама параметрлерінен басқа дайындау уақытын ғана емес, сондай-ақ
дайындау температурасын да бөлек орнатып пісіруге мүмкіндік береді.
«MY RECIPE /COOKING TIME» (менің рецептім / дайындау уақыты) түймешігін басыңыз, сонда дисплейде
ең кіші 40°C температура көрінеді. Сіз өзіңізге керекті температураны 40°C -тан 160°C-қа дейінгі аралықта
орната аласыз. Бұл үшін «MIN (-)» түймешігін басып ұстап тұрыңыз. Орнатылған параметрді растау үшін
«MY RECIPE /COOKING TIME» (менің рецептім / дайындау уақыты) түймешігін тағы бір рет басыңыз.
Осыдан кейін сіз тамақ пісіру уақытын 1 минуттан 12 сағатқа дейінгі ауқымда өзгерте аласыз. Бұл үшін
«MIN(-)» (минут) түймешігін басып ұстап тұрыңыз. Орнатылған параметрді растап, тамақ пісіруді бастау
үшін «START» (бастау) түймешігін басыңыз.
БАСТАУДЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ ФУНКЦИЯСЫ
Бұл функция тағам дайындай бастау уақытын кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.
Қажетті тамақ пісіру бағдарламасын таңдаңыз да, (жұмыс) бөлімінде көрсетілгендей, тамақ пісіру уақытын
орнатыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать