Darina 1F1 2312 X Руководство по эксплуатации онлайн [31/40] 785796

Darina 1F1 2312 X Руководство по эксплуатации онлайн [31/40] 785796
KZ Пайдалану бойынша нұсқаулық KM 2D 00 000 РЭ U
28
Режимдердің
белгіленуі
Режимдер Жылулық өңдеу бойынша ұсыныстар
Конвекцияны қамтитын, төменгі ТЭҚ режимі Еріту, дайын тағамдарды жылыту
Конвекцияны қамтитын алдын ала қыздыру Тағамдарды жылыту, кептіру
Қыздыру шкафын жарықтандыру
12.3. ҚУЫРУ ШКАФЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
Қуыру шкафы төмендегідей реттілікте іске қосылады:
Режимді ауыстырып-қосқыштың тұтқасымен қуыру
шкафының Өзіңізге қажетті жұмыс тəртібін орнату, тұтқаны
кез келген жаққа бұрып, оны қажет белгіге орнату. Сонымен
бірге тұтқаның үстінде қызыл дабыл шамы жанады,
ол қуыру шкафының дайын екендігін білдіреді, бірақ
қыздырғыштар қосылмайды.
Қыздыру элементтерін қосу үшін термореттеуіштің
тұтқасын сағат тілімен бұру керек (12 сур.) жəне таңдап
алынған температуралық аралықты орнату (13 сур). Сол
кезде тұтқада сары дабыл шамы жанады.
■ Белгіленген температураға жеткен кезде термореттегіш
қыздыру элементтерін жəне вертел жетегін өшіріп
тастайды. Бұл ретте екі электрі конфоркасы бар
плиталаларда сары белгі шамы өшеді. Мұндай режим
қуыру шкафындағы температура белгіленген шекке дейін төмендегенше
сақталып тұратын болады. Осыдан кейін термо реттегіш автоматты түрде
қыздыру элементтерін жəне вертел жетегін автоматты түрде қосады жəне
белгіленген температураға дейін қуыру шкафын қыздыратын болады. Бұл
ретте екі электрі конфоркасы бар плиталаларда сары белгі шамы жанатын
болады.
■ Термостат жəне екі электрлі конфоркалардың біреуі қосылған жағдайда
сары белгі шамы жануы мүмкін. Бұл ретте қуыру шкафының қыздырғыштары
режимдерді ауыстырып-қосқышымен режимді таңдағаннан кейін ғана
қосылатын болады.
■ Қуыру шкафын өшіру үшін термореттегіш тұтқасын сағат тіліне қарама-
қарсы бағытқа бұрай отырып «0» қалыбына келтіру керек. Жұмыстың
режимін таңдау тұтқасын кез-келген бағытқа бұрай отырып «0» қалыбына
келтіру керек. Бұл ретте екі электрі конфоркасы бар плиталаларда сары белгі
шамы өшуі керек.
■ Пештердің кейбір үлгілерінде сары сигнал шамы жоқ, əйтпесе пеш жұмысының алгоритмі
сақталады.
Қуыру шкафын өшіру үшін режимдерді ауыстырып-қосқыштың басқару тұтқасын кез келген
бағытқа бұрай отырып «0» қалыбына келтіру керек, белгі шамы өшуі керек.
Қуыру шкафы қызып кетуден қыздырғыштарды автоматты түрде қосатын жəне өшіретін
термостатпен жабдықталған.
■ Конвектор ауаның мəжбүрлі қозғалысы есебінен қыздыру шкафының ішінде температураны
теңестіру үшін қолданылады.
■ Конвекторды қосу үшін режимдер ауыстырып қосқышының тұтқасын«
»таңбасына орнату
керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тағамды қыздырылған қыздыру шкафына салған жəне
шығарған кезде, қыздырғыштармен (ТЭҚ) жанасуға жол бермеу үшін абай болыңыз.
! Қыздырылған электрлік шкаф есігін басқару тұтқаларының шамадан тыс
қызуының алдын алу үшін 3 минуттан астам ашық күйінде қалдырмаған жөн.
! Істікте немесе торда тағам əзірлеген кезде тор немесе істік астына шырынның
жəне майдың ағуы үшін түпқойма орнату керек.
! Төменгі қыздырғышты қосқан кезде қыздыру шкафының түбіне ыдыс орнатуға
жəне алюминий жұқалтырды қоюға тыйым салынады. Бұл қыздыру шкафының
ішінде температураның үйлестірілуінің бұзылуы нəтижесінде эмаль жабынының
зақымдануына жəне тағамның күйіп қалуына алып келуі мүмкін.
қыздыру шкафының
жұмыс режимдерінің
ауыстырып қосқышы
0
термореттегіш
12 сур.
Тұтқаларды ауыстырыңыз
Ауыстыру
қуыру шкафын
жұмыс режимі
13 сур.
!

Содержание

Похожие устройства

Скачать