Haier HSU-24HRM103/R3(DB) [46/90] Алдын ала ескертулер

Haier HSU-24HRM103/R3(DB) [46/90] Алдын ала ескертулер
Бұл нұсқаулықты пайдаланушыға оңай қол жетімді жерде сақтаңыз.
Кондиционерді қолданар алдында
осы нұсқаулықтағы қауіпсіздік нұсқа-
уларын мұқият оқып шығыңыз.
Кондиционер R32 хладагентімен
жұмыс істеуге арналған.
KZ
АЛДЫН АЛА ЕСКЕРТУЛЕР:
■ Еріту функциясын тездету немесе кондиционерді тазарту үшін өндіруші ұсынбаған құрылғылар мен
əдістерді пайдаланбаңыз.
■ Кондиционер құрылғы үшін жану қаупін тудыратын құрылғылар, мысалы, ашық жалын, жұмыс істеп
тұрған газ аспаптары немесе электр қыздырғыштар жоқ үй-жайларда сақталуы тиіс.
■ Кондиционердің хладагент контурына зақым келтірмеу үшін абай болыңыз. Мысалы, фреон түтіктері
кездейсоқ бүгілуі немесе өткір затпен тесілуі мүмкін. Бұл жағдайда хладагенттің ағып кету қаупі бар, бұл
ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін.
■ Хладагент ағып кеткен кезде оның иісін сезбеуге болатындығын ескеріңіз.
■ Кондиционерді ауданы кемінде 3 м
2
болатын бөлмеде сақтау, орнату жəне пайдалану керек.
■ Егер желілік кабель зақымдалған болса, өндірушіге, уəкілетті қызмет көрсету орталығына немесе кабель-
ді ауыстыру үшін білікті маманға хабарласыңыз.
■ 8 жастан асқан балалар, мүгедектер, жеткілікті сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті немесе тəжірибесі жоқ
адамдар кондиционерді тек бақылауда болған жағдайда ғана қолдана алады. Бұл адамдарға кондицио-
нердің қауіпсіз жұмысына қатысты дұрыс нұсқау берілуі керек жəне ықтимал қауіптерді білуі керек.
■ Балаларға кондиционермен ойнауға тыйым салынады. Балалар кондиционерді тек ересектердің бақыла-
уымен тазалай алады.
■ Кондиционерді электр желісіне қосу қолданыстағы жергілікті нормалар мен электр жұмыстарына
арналған ережелерге сəйкес жүзеге асырылуы керек.
■ Барлық кабельдерде еуропалық таңбаланған сымдар болуы керек. Монтаждау жұмыстарын жүргізу
кезінде кəбілдерді ажырату кезінде жерге қосу кəбілін соңғы кезекте ажырату қажет.
■ Кондиционердің қуат тізбегін ажыратқыш ретінде барлық полюстерді ашатын жарылысқа қарсы Ажы-
ратқышты пайдалану керек. Полюстерді ашқан кезде контактілер арасындағы қашықтық кемінде 3 мм
болуы керек. Ажыратқышты тұрақты тізбекте орнату керек.
■ Кондиционерді орнату жергілікті нормалар мен ережелерге сəйкес білікті мамандармен орындалуы керек.
■ Кондиционер дұрыс жерге тұйықталған болуы керек.
■ Кондиционердің электр тізбегінде жердің ағып кетуінен қорғайтын жарылыстан қорғалған ажыратқышты,
сондай-ақ токтың шамадан тыс қорғанысы бар автоматты ажыратқышты орнату қажет.
■ Орнату, қайта орнату немесе жөндеу кезінде кондиционерді зарядтау үшін тек R-32 хладагентін пайдала-
нуға болады. Хладагентін түрі сыртқы блоктың жапсырмасында көрсетілген. Басқа хладагенттарды
пайдалану адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін, сондай-ақ кондиционердің дұрыс жұмыс істемеуі
жəне басқа мəселелерге əкелуі мүмкін.
■ Бұл өнім тек үйде пайдалануға арналған жəне оны өнеркəсіптік немесе коммерциялық мақсаттарда пайда-
лануға болмайды.
■ ЕАЭО-да сатуға арналған барлық Haier өнімдері ЕАЭО-дағы жұмыс жағдайларын ескере отырып өндіріл-
ген жəне міндетті сертификаттаудан өткен.
■ Өнімдер Еуразиялық экономикалық (кедендік) одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сəйкес
келеді. Сəйкестік сертификаты N
ЕАЭС RU С- CN.AЯ46.B.18179/21 19.02.2021 бастап 18.02.2026 дейін қолданы-
лады. Сəйкестік туралы Декларация № ЕАЭС N RU Д-CN.БЛ08.В.02687/20 29.02.2020 бастап 28.02.2025 дейін
қолданылады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения