KRAFT TCH-UMD8201W [49/76] Қауіпсіздік талаптары

KRAFT TCH-UMD8201W [49/76] Қауіпсіздік талаптары
49
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
КІР ЖУАТЫН МАШИНА АВТОМАТ
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін және кір жуатын машинаны дұрыс пайдалану үшін
пайдаланар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, сонымен қатар аспапты
тасымалдағаннан немесе сатқаннан кейін оны қайта оқу үшін сақтап қойыңыз. Аспапты
дұрыс тұтынбау оның сынуына және пайдаланушының денсаулығына залал немесе
материалдық зиян тигізуіне алып келуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ауыр жарақаттың алдын алу және аспап бүлінбес
үшін қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз.
Кір жуатын машинаны мақсатсыз пайдалану, орнату, пайдалану, тазалау ережелерін
және қауіпсіздік шараларын бұзу, сондай-ақ температура шарттарын сақтамау сізді
кепілдік қызмет көрсету құқығынан айырады.
Аспап тұрмыстық үй жағдайында және арналымына сай пайдалануға ғана арналған.
Аспапты қаптамадан шығарғанда оның бүтін екеніне және бүлінбегеніне көз
жеткізіңіз. Қаптама материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Қаптама материалы мен үлдірге тұншығып қалмас үшін балаларға олармен ойнауға
рұқсат бермеңіз! Қаптаманы кәдеге дұрыс жаратыңыз.
Бұл аспап физикалық және ойлау мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (соның ішінде
8 жасқа дейінгі балалардың), сондай-ақ өздерінің қауіпсіздігі үшін жауапты адамның
қадағалауынсыз аспапты пайдалану жөніндегі білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз
адамдардың пайдалануына арналмаған. Балаларға аспап элементтерімен ойнауға
болмайды. Аспапты күтіп ұстау мен тазалауды балалар ересектердің қарауынсыз
жүзеге асыра алмайды.
Машинаны балалар тек ересектердің бақылауымен пайдалана алады. Егер машина
пайдаланылмай тұрса, балалардың оның ішіне кірмеуін және есікті ішінен жауып
алып, қамалып қалмауын қадағалаңыз.
Алғаш қосқан кезде (және әр) қосқан сайын) құралдың бүліну белгілерінің жоқ екені-
не, көрсетілген техникалық сипаттамаларына, электр желісінің параметрлеріне
сәйкестігін тексеріңіз.
Егер аспап немесе электрмен қоректендіру бауы бүлінген болса, еш жағдайда оны
электр желісіне қоспаңыз. Бүлінгені туралы тауарды сатқан дүкенге хабарлаңыз,
сараптама және жөндеу үшін сервис орталығына жүгініңіз. Аспапты өз бетіңізбен
жөндеуге тырыспаңыз. Бұл жағдайда қаптаманы лақтырмаңыз.
Кір жуатын машинаны бөлшектеу, жөндеу немесе оның конструкциясына қандай да
бір өзгерістер енгізу қауіпті болуы мүмкін. Аспаптың электр сымдарының кез-келгені
бүлінгенде электр тогына соғылуға, өртке немесе тұйықталуға әкелуі мүмкін. Ақаулар
туындаған жағдайда кір жуатын машинаңыздың моделін және пайда болған ақаулық
түрін көрсете отырып, дереу авторландырылған сервис орталығына жүгініңіз.
Жөндеу үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалануға болады. Білікті түрде
жасалмаған жөндеу аспапқа берілетін кепілді қызмет көрсетудің күшін жояды.

Содержание

Похожие устройства