KRAFT TCH-UMD8201W [62/76] Тазалау және қызмет көрсету

KRAFT KF-UME6201W [62/0] Тазалау және қызмет көрсету
62
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
КІР ЖУАТЫН МАШИНА АВТОМАТ
Егер киімді қайта бөлудің (сілкудің) автоматты функциясын орындалғаннан кейін
киім қажетті түрде таралмаса, онда кір жуатын машинаның қатты дірілдеуіне жол
бермеу мақсатында сығу жылдамдығы азайтылатын болады.
Машинаға салынған кір киім көлемі тым аз болған жағдайда (1 кг-нан аз), сығу режимі
автоматты түрде күшін жоюы мүмкін. Киім аз болғандықтан, жоғары жылдамдықпен
сығу шамадан тыс діріл тудыруы және машинаның сынып қалуына себеп болуы
мүмкін.
Кірді қайта бөлу (сілку) қажеттілігі жуу бағдарламасының орындалу уақытын ұзарта
түседі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Барабанның есігі мен кір жуатын машинаның
қақпағының арасында киімнің қысылып қалмағанын тексеріңіз. Су мен
электр энергиясын аз тұтына отырып, жақсы нәтиже алу үшін әртүрлі
жуу температурасы үшін сәйкес келетін жуғыш заттың тиісті түрін
қолданыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Кір жуатын машинаның және есік тығыздағышының тазалығын қадағалаңыз.
Жуар алдында оны электр желісінен ажыратыңыз!
1. Кір жуатын машинаның сыртын және ішін сұйық жуғыш зат құйылған жылы сумен
дымқылданған таза сүлгімен жуыңыз. Содан кейін құрғақ сүлгімен құрғатыңыз.
2. Өткір металл қырғыштарды, жебір және абразивті тазартқыш құралдарды
пайдаланбаңыз, олар тоңазытқыштың бетін сызып тастауы мүмкін.
3. Жоғары қысымды тазартқышты немесе бу ағынды тазартқыштарды пайдаланбаңыз,
өйткені ылғал кіріп кетсе, адам электр тогына соғылуы мүмкін.
4. Тазалап болғаннан кейін электрмен қуаттандыру бауы бүлінбегенін тексеріңіз. Со-
дан кейін ашасын розеткаға тығыз қыстырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Абразивті заттарды, бензинді, бензолды, еріт-
кішті, хлоргидратты, ыстық суды, металл немесе тұрпайы щетканы және
т.б. пайдалануға тыйым салынады, өйткені олар кір жуатын машинаның
бетін бүлдіруі мүмкін.
БАРАБАНДЫ ТАЗАЛАУ
1. Барабанды кептіру үшін кір жуатын машинаның есігін ашыңыз.
2. Егер барабанда тот пайда болса, оны құрамында хлоры жоқ құралмен уақтылы сүртіп
отырыңыз.
ЖУҒЫШ ҚҰРАЛДАРҒА АРНАЛҒАН КОНТЕЙНЕРДІ ТАЗАЛАУ
1. А батырмасын басып, жуғыш зат контейнерін суырып алыңыз.
2. Жуғыш затқа арналған контейнерді сумен шайыңыз немесе дымқыл шүберекпен
сүртіңіз.
3. Жуғаннан кейін контейнерді құрғатып сүртіңіз және орнына салыңыз.

Содержание

Похожие устройства