KRAFT TCH-UMD8201W [58/76] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

KRAFT KF-UME6201W [58/0] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
58
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
КІР ЖУАТЫН МАШИНА АВТОМАТ
1. Бағдарламашы - пайдаланушыға кірдің деңгейіне, матаның түріне және жүктелген
бұйымдар санына байланысты жуу бағдарламасын таңдауға мүмкіндік береді,
бұл жуудың жоғары сапасын және аспаптың тиімді жұмысын қамтамасыз етеді.
Қосылғаннан кейін таңдалған бағдарламаның параметрлерін бағдарламалағыш
тұтқасын басқа күйге ауыстыру арқылы өзгерту мүмкін емес.
2. «Бастау/Кідірту» батырмасы - батырманы басу арқылы бағдарламаның орындалуы
басталады немесе тоқтатылады. Жуу кезінде осы батырманы басу кез-келген уақытта
бағдарламаның орындалуын уақытша тоқтату мүмкіндігін береді.
3. «Сығу» батырмасы - таңдалған бағдарламадағы сығу жылдамдығын өзгертуге
мүмкіндік береді. Назар аударыңыз: «Автотазарту» бағдарламасын таңдағанда сығу
жылдамдығын өзгерту мүмкін емес!
4. «Бастауды кейінге қалдыру» батырмасы - осы функцияны қолдана отырып, кір жуу
уақытын белгілеуге болады.
5. «Функциялар» батырмасы - жуу бағдарламасына алдын ала жуу немесе қосымша
шаю циклын (жуғыш заттар қалдықтарын кетіруге арналған) қосуға мүмкіндік береді.
Осы функцияларды пайдалану кезінде бағдарламаның ұзақтығы артады. Тиісті ин-
дикатор жанады.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІНІҢ ИНДИКАТОРЛАРЫ
Индикатор Мәні
Алдын ала жуу циклын таңдаған кезде индикатор жанады.
Қосымша шаю циклын таңдаған кезде индикатор жанады.
Индикатор кір жуатын машинаның есігін бұғаттау туралы ақпаратты
көрсетеді.
Индикатор «Балалардан қорғау» режимінің жұмысы кезінде жанады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер «Балалардан қорғау» функциясын іске
қосқаннан кейін басқа бағдарламаны таңдағыңыз келсе, «Балалардан
қорғау» функциясын Бағдарламалағыштың тұтқасын «Өшіру» күйіне қарай
бұрап, орнатыңыз, содан кейін қажетті бағдарламаны таңдаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сіздің кір жуатын машинаңызда PTG есік құлпы
(жабу блогы бар электр құлып) орнатылған, 2-3 минут бойы құлыптың
ашылғанын күтіңіз, содан кейін ғана есікті ашыңыз! Есікті күшпен ашуға
қатаң тыйым салынады!

Содержание

Похожие устройства