KRAFT TCH-UMD8201W [52/76] Аспаптың сипаттамасы

KRAFT TCH-UMD8201W [52/76] Аспаптың сипаттамасы
52
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
КІР ЖУАТЫН МАШИНА АВТОМАТ
Суды құю және суды ағызу үшін аспаппен бірге жеткізілген шлангыларды ғана пайда-
лану керек (ескі шлангыларды пайдаланбаңыз).
Егер сіздің үй жануарыңыз болса, су шлангыларының және электрмен қоректендіру
бауының бүтін болуын қадағалаңыз.
Жуар алдында киімдердің қалтасынан барлық заттар алынғанына көз жеткізіңіз (мы-
салы, тиындар, түйреуіштер, ілмектер және т.б.).
Перделерді немесе су өткізбейтін киімдерді жууға болмайды (мысалы, плащ, душ
перделері, ұйықтауға арналған қапшықтар), өйткені тек машинамен жууға ғана
арналған киімді жууға болады.
Жиектері өңделмеген дастархан мен бұйымдарды арнайы жууға арналған қаптарға
салу керек, өйткені материалдары бүлінуі мүмкін.
Бүлінбес үшін майлардың және тоң майлардың аспап корпусына және пластик
бөлшектеріне түсуіне жол бермеңіз. Пластик тетіктерді қыздырмаңыз.
Кір жуатын машинаның және есік тығыздағышының тазалығын қадағалаңыз.
Машинаның бетін сызып тастауы мүмкін өткір металл қырғыштарды, жебір және
абразивті тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жоғарыда аталған ережелердің бұзылуы
жарақаттануға, кір жуатын машинаның немесе киімнің бүлінуіне әкелуі
мүмкін.
АСПАПТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Суретте көрсетілген аспап таныстыру сипатында берілді және сіздің моделіңізден
өзгеше болуы мүмкін.
Барабан
Үстіңгі қақпағы
Электрмен
қоректендіру
бауы
Су ағызатын
сүзгі
Ағызу шлангысы
Жуғыш
құралдарға
арналған бөлім
Су құятын
клапан

Содержание

Похожие устройства